Спорт • 22 Сәуір, 2019

Үш дзюдошымыз қола медаль үшін таласуда

536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Арабтар әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде бірнеше жерлесіміз татамиге шығып, солардың үшеуі қола медаль үшін таласу мүмкіндігін сақтап қалды.

Үш дзюдошымыз қола медаль үшін таласуда

90 кило салмақтағы Ислам Бозбаев бастапқы бәсекелерінде Тайпей мен Қырғызстанның спортшыларын айқын ұтқанымен, жартылай финалда Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері, тәжікстандық Комроншах Устопиреннан жеңіліп қалды. Енді ол қола медаль үшін Оңтүстік Кореяның оғланы Гвак Донханмен күш сынасады.

78 кило салмақтағы Зарина Райфова Тайпей балуанынан басым түсіп, жапон қызынан ұтылды. Енді жерлесіміз оңтүстікореялық Юн Хюджимен белдеседі. +78 кило салмақтағы Гүлжан Исанованың да жеңіс тұғырына көтерілуге мүмкіндігі бар. Қытай дзюдошысынан ұтылып, Үндістанның спортшысына сан соқтырған ол үшінші орын үшін бәсекеде Аспанасты елінің тағы бір өкілі Ванг Янмен күреседі.