Саясат • 23 Сәуір, 2019

Нұрлан Ноғаев: Қ.Кемелұлы халқымызды бір мақсат, бір мүддеге жұмылдырады

775 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты.

Нұрлан Ноғаев: Қ.Кемелұлы халқымызды бір мақсат, бір мүддеге жұмылдырады

«Алдымызда тұрған ендігі басты мақсат - Тұңғыш Президентіміз - Елбасы  саясатының алтын арқауы, басты өзегі болған ел бірлігі мен ынтымағының жарасымды жалғасын қамтамасыз ету. Президенттік өкілеттігіңізді тоқтату жөніндегі шешіміңізді атыраулықтар алғашқы сәтте алаңдаушылықпен қабылдағаны рас. Дегенмен, бұл шешімнің себебін өзіңіз түсіндірген соң бойымыздағы толқу сезімі сейілді. Бұл тарихи сәт еліміздің болашағына деген ұстанымыңызды, көрегендік көсемдігіңізді тағы да  айшықтады», деді облыс әкімі «Nur Otan»  партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата.  

Оның айтуынша, ұрпақтар сабақтастығы, биліктің  институционалдығы мен осы жолдағы таңдау Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға түскенін Nur Otan партиясының мүшелері зор ілтипатпен, сеніммен қабылдады.

«Құрметті Елбасы! Қасым-Жомарт Кемелұлы - өзіңіздің сенімді көмекшіңіз, сенімді үзеңгілесіңіз. Әлемдік саясаттың  ауа райын жақсы түсінетін, ел мүддесі үшін қажет шешім қабылдай алатын саясаткер ретінде дүниежүзіне танымал тұлға екенін өзіңіз атап өттіңіз. Кәсіби біліктілігімен, әр саладағы тәжірибесімен, адалдығы және адамгершілігімен танымал Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасымыздың стратегиялық бастамаларын жалғастырып, халқымызды бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра отырып, Тәуелсіздігіміздің мәңгі болуына, еліміздің дамуына бар күш-жігерін салатынына сенімдіміз»,  деді Нұрлан Ноғаев.