Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

«Алтынкөл» кеден бекетінде ірі көлемде контрафакталық темекі өнімдерінің акциздік маркалары ұсталды

798 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Темекі өнімдеріне арналған акциздік маркаларды ұстады, деп хабарлайды Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл» кедендік бекетінің баспасөз орталығы.

«Алтынкөл» кеден бекетінде ірі көлемде контрафакталық темекі өнімдерінің акциздік маркалары ұсталды

22 сәуір күні кешкі сағат 17.40 шамасында «Алтынкөл» кеден бекетінің шекара маңы халықаралық ынтымақтастығы орталығының (МЦПС) бақылау-өткізу пунктінде кезекті кедендік тексеру барысында кеден қызметкерлері мен Алматы облыстық экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері бірлесе отырып, РТУ «Рапискан» аппараты арқылы кедендік тексеруден жасырып алып өтпекші болған контрафакталық, темекі өнімдеріне арналған акциздік маркаларды ұстады.

Акциздік маркалар Ресей Федерациясында шығарылатын темекі өнімдеріне арналған. Ұсталған тауардың жалпы салмағы 185 килограмм, саны – 1 920 000 дана болып шықты.

Қазіргі уақытта тиісті процессуалдық шешім шығару мақсатында ұсталған тауардың кедендік құны мен оған кінәлі адамдарды анықтау шаралары қолға алынды.