Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

«Атырау-ақпарат» өкілдері – бас басылымда

851 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бас басылымы кейінгі жылдары өңірлердегі бұқаралық ақпарат құралдарымен берік байланыс орнатып келе жатқаны бел­гілі. Мәселен, былтыр «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясына Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының журналистері келсе, биыл бұл үрдісті Атырау өңірінен келген әріптестер жалғады.

«Атырау-ақпарат» өкілдері – бас басылымда

«Атырау-ақпарат» медиа хол­дингіне қарасты «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» облыс­тық газеттері мен «Серпер», «Кең Жылой», «Мақат тынысы» сияқты 7 аудандық газеттің бас редакторлары мен тілшілері ел газетінде екі күн бойы болып, өзара тәжірибе алмасты, шеберлік сағаттарына қатысты.

Бас басылым басшысы Д.Қыдырәлі аталған басқосудың қа­зір­гі ақпарат нарығындағы бәсеке­лестік жағдайында маңызы зор екенін атап өтіп, дәстүрлі басы­лым­дардың сапалы контентін қа­лып­тастыру бағытындағы медиаменеджментке қатысты ойларымен бөлісті. Сондай-ақ «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті мен «Атырау-ақпарат» ЖШС басшылары өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойып, алдағы уақытта да екіжақты тығыз қарым-қатынас орнатуға уағдаласты.

«Отанымыздың шалғай шетіндегі өңір ретінде бізге осы іспетті кәсіби байланыстардың берері мол», дейді атыраулық әріптестер.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50