«Бізің мамандардың айтуынша, жаңа технология суды залалсыздандыруды жақсартады және оның сапасын да көтереді» дейді «Қостанай Су» кәсіпорынның баспасөз хатшысы Салтанат Әйтенова. Жаңа станция «Қостанай Су» кәсіпорнының аумағына орналасқан. Бұл жоба Еуропа қайта құру және даму банкімен ынтымақтасу жұмыстары аясында енгізілді. Құны жылына 630 миллион теңгеге түседі. Қазір станцияны құрудың соңғы жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар бірнеше сынақтар өткізіп, нәтижесіне көңілі толып отыр. Мамыр айында станция толық қуатында іске кірісетін болады.
Жаңа технологияның артықшылықтары көп. Бұрын хлор баллондармен жеткізілетін. Оның қауіптілігі болғандықтан, оны сақтау да қиындықтар туғызатын. Тұрғындар хлормен өңделген судың дәміне шағымдар айтатын. Гипохлоритпен өңделген ауыз суда осындай кемшіліктердің ешқайсысы болмайтынына мамандар бәс тігеді. Станцияның қуаты күшті, бүкіл қаланы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді, күніне 500 килограмм өмір нәрі өңделетін болады.
Қостанай