Спорт • 24 Сәуір, 2019

Бокс: Дычконың қарсыласы анықталды

704 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко өзінің келесі кездесуін 10 мамырда АҚШ-тың Флорида штатындағы «Seminole Hard Rock Hotel and Casino» сауықтыру кешешінде өткізеді.

Бокс: Дычконың қарсыласы анықталды

Отандасымыз америкалық Рэй Остинмен күш сынасады. 48 жастағы Кливленд қаласы тумасының бойы 198 сантиметр. Оның кәсіпқой рингте бақ сынап жүргеніне 21 жыл болды. Сол уақыт аралығында Рэй 42 жекпе-жек өткізіп, 28 рет жеңіске жетті. 18 қарсыласын нокаутқа жіберді. 9 рет ұтылып, 4 бәсеке тең аяқталды. Әр жылдары ол Сұлтан Ибрагимов, Владимир Кличко, Одланьер Солис, Бермейн Стиверн, Анджей Голота, Энди Руис және тағы басқа атақты боксшылармен сайысқа түскен. Өзінің соңғы кездесуін үстіміздегі жылдың 15 ақпанында өткізген Остин Роберто Альфонсодан айласын асырды.

 

Ал Иван Дычко 2017 жылдың қыркүйек айынан кәсіпқой рингте бақ сынауда. Сол аралықта 7 кездесу өткізіп, барлығын нокаутпен ұтты. Соңғы жекпе-жегін жерлесіміз былтырғы жылдың шілде айында өткізді. Оның бойы қарсыласына қарағанда 8 сантиметрге ұзын. Бір айта кетерлігі, қос боксшының жас айырмашылығы тура 20 жылды құрайды.