Өзеннің қос сағасындай ежелден егіз жасасып келе жатқан қазақ-қырғыз әдебиетінің өміршең өнегесі кеше елорда төрінде өткен IV Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде жарқын жалғасын тапқандай. Халықаралық Түркі академиясының жетекшілігімен қазақ тілінде жарық көрген төрт бірдей қырғыз шығармасы соның айғағы.

Айтулы туындылар қатарында қырғыз халқының әйгілі «Манас» эпосы, Шыңғыс Айматовтың «Балалық шаққа саяхат», жазушы-драматург Сұлтан Раевтың «Жанжаза» және «Қазіргі қырғыз поэзиясы» жинағы бар. Тұсаукесер рәсіміне Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев, жазушы-драматург, Қырғызстан Президентінің кеңесшісі Сұлтан Раев, академик-профессор Қадыралы Қоңқабай, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, белгілі композитор, өнер зерттеушісі Ілия Жақанов және ақын, манасшы Баянғали Әлімжанов бастаған құрметті қонақтар қатысты.
– Қырғыз-қазақ ағайындығы жөнінде таңды таңға жалғап ұзақ айта беруге болады. Бұл екі елді ешқашан ешнәрсе ажырата алмайды. Біз – рухы ортақ үндестік тапқан елдерміз. Бір туған ағайынбыз. Сондықтан да бүгінгі осындай тамаша тағылымды шараны ұйымдастырып, қырғыз әдебиетін қазақ оқырманына жақын таныстыру бағытында жасалып жатқан барлық ниет-тілек, дархан пейілдеріңізге күллі қырғыз елі атынан зор алғысымды білдіремін, – деді тұсаукесер рәсімінде сөз алған Сұлтан Раев.
– Біз былтыр тек қырғыз халқының ғана емес, бүкіл түркі әлемінің ортақ мақтанышы, жалпы адамзаттың Айтматовы атанып кеткен Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойына орай бірқатар шара өткіздік, кітаптар шығардық. Биыл да сол үрдісті жалғастырып, тағы да бірнеше жинақты оқырманға ұсынып отырмыз, – деді Дархан Қуандықұлы.
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Елімізде «жамау» мектеп әлі бар
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау
Әдебиет • Кеше
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Патриотизм – елін білімімен, еңбегімен көркейту
Қазақстан • Кеше
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Туризм • Кеше
Спорт • Кеше
«Сұлтан Бейбарыс»: Билік философиясы
Кино • Кеше
Кәсіпорындар кодекс талабын орындай ала ма?
Экология • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында студенттер есірткімен ұсталды
Оқиға • Кеше
ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді
Аймақтар • Кеше
Жеті өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Кеше
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Кеше
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Кеше
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Кеше
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Кеше
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар