Спорт • 26 Сәуір, 2019

Петров кубогы – «Сарыарқада»

695 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары хоккей лига­сының (ЖХЛ) ең үздік ко­мандаларының басын қосқан Петров кубо­гы жолындағы жарыс­та Қарағандының «Сары­ар­қасы» топ жарды.

Петров кубогы – «Сарыарқада»

Түменнің «Рубиніне» қарсы өткен бұған дейінгі төрт кездесудің үшеуінде жерлестеріміз басым түскен еді. Бесінші бәсекені сыртта өткізгеніне қарамастан «Сарыарқа» 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчта алғашқы голды 5 минутта Артур Сарваров соқса, көп кешікпей айдын иелері таразы басын теңестіріп кетті. Десек те одан кейін қарқынын күрт күшейткен қарағандылық хоккейшілер тағы үш рет нысананы дәл көздеді. Бұл голдардың авторлары – Эмиль Нұрғалиев (22 минут), Олег Ломако (44 минут) және Максим Кицын (60 минут).

Осылайша «Сарыарқа» хоккей клубы өзінің осыдан бес жыл бұрынғы нә­тижесін қайталап, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Олар 2014 жы­лы да дәл осы «Рубинді» финалда 4:2 есебімен еңсерген еді.