Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) ең үздік командаларының басын қосқан Петров кубогы жолындағы жарыста Қарағандының «Сарыарқасы» топ жарды.

Түменнің «Рубиніне» қарсы өткен бұған дейінгі төрт кездесудің үшеуінде жерлестеріміз басым түскен еді. Бесінші бәсекені сыртта өткізгеніне қарамастан «Сарыарқа» 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчта алғашқы голды 5 минутта Артур Сарваров соқса, көп кешікпей айдын иелері таразы басын теңестіріп кетті. Десек те одан кейін қарқынын күрт күшейткен қарағандылық хоккейшілер тағы үш рет нысананы дәл көздеді. Бұл голдардың авторлары – Эмиль Нұрғалиев (22 минут), Олег Ломако (44 минут) және Максим Кицын (60 минут).
Осылайша «Сарыарқа» хоккей клубы өзінің осыдан бес жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Олар 2014 жылы да дәл осы «Рубинді» финалда 4:2 есебімен еңсерген еді.
British Wildlife Photography Awards 2023 байқауының үздік суреттері жарияланды
Өнер • Бүгін, 14:08
Мемлекеттік сатып алуға қатысты жаңа шартты жеңілдік енгізілді
Экономика • Бүгін, 14:04
ХХІ ғасырдың басынан бері таулы ормандардың 7 пайызы жоғалып кеткен
Экология • Бүгін, 13:43
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Спорт • Бүгін, 13:25
Қазақстан құрамасы Еуро-2024 кестесінде үшінші орынға көтерілді
Футбол • Бүгін, 13:10
Тіл саясаты комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:05
Ұқсас жаңалықтар