Ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер, жастар ұйымдары, қала тұрғындары қатысқан мерекелік шеруге 50 мыңнан аса адам келгені хабарланды. Шеру соңы Абай алаңында мерекелік концертке жалғасты.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, өңірде 90-нан астам ұлт пен ұлыс өкілі тату тәтті тұрып жатыр. Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйымына қарасты 53 этномәдени бірлестік ұлтаралық татулық пен бірлік жолында ұйымшылдықпен қызмет етуде.
- Қасиетті Ақжайық өлкесін жаңа белеске шығарып, тәуелсіздігімізді мәңгі ететін – біздің ауызбіршілігіміз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтауымыз керек, - деді Алтай Көлгінов.
Суретті түсірген Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ
Батыс Қазақстан