05 Наурыз, 2013

Қар ерімей жатып, жаңбыр жауды

516 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қар ерімей жатып, жаңбыр жауды

Сейсенбі, 5 наурыз 2013 7:21

Ауа райын зерттеушілердің алдын ала болжауы кейде шындықтың ауылынан алыстап кететіні жасырын емес. Өскеменде жексенбі күні 2-4 градус, ал дүйсенбіде 2-4 градус жылы болады деп хабарлаған. Сенбесеңіз ғаламтордан қараңыз. Биылғы көктем аса қауіпті болатын түрі бар. Жексенбі күні Өскемен мен облыстың бірқатар аудандарында күн күрт жылып, 10 градус жылылықты көрсетті. Жаңбыр түскі 15.30-да басталып, себелеп тұрып алды. Қала көшелерінде еріген қар суы арық болып ағып, тұрғындар әбігерге түсті. Дәл қазір Өскеменде 11 градус жылы, ауа райы түнеріп, тағы да жаңбыр жауатын түрі бар.

Бұған дейін қатты боран соғып, республикалық және облыс мәртебесіндегі жолдардың біразы жабылып қалды. Жаңбырдың салдарынан жолдағы қар еріп, көліктердің жүруіне нұқсан келтірді. Сондықтан «Өскемен – Риддер», Шемонаиханың Ресеймен шекаралас тас жолы жабылды. «Өскемен-Зырян» жолында күннің күрт жылуынан тау­дан бірнеше қар көшкіні болды. Бұл жолда жүру аса қауіпті.
Дүйсенбі күні Төтенше жағдайлар министрі В.Божко мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы жөніндегі комитетінің төрағасы Ислам Әбішев өңірге келіп, тасқын қаупі жоғары Глубокое ауданының Секисовка, Зимовье ауылдарында, Өскемен мен көрші елді мекендерді аралады. Шынында да, қатты нөсер жауын қалың қардың тез еруіне әсер етуде. Министрдің айтуынша, еріген қар мен жауын топыраққа сіңіп біткен, енді ол бетіне шығып елді мекендерге жөңкілетін қауіп бар. Алдын ала шаралар жасамаса, орны толмас өкініш орын алмақ. Облыстағы су қоймаларының жағдайы да сөз болды.
Кешкілік облыстық әкімдікте облыс басшылары мен сала басқармалары жетекшілерінің қатысуымен тасқынның алдын алу шаралары жөнінде келелі жиын болып өтті. Зырян ауданындағы Путинцево, Бұқтырма, Тұрғысын ауылдарында, Катонқарағай, Күршім, Үржар, Тарбағатай, Зайсан, тағы басқа аудандарда да биыл қар мөлшері жылдағыдан екі есеге жуық артық. Министрдің айтуынша, облыста 80 мыңнан астам адам тұратын 157 елді мекенді қарғын су басуы мүмкін. Сондықтан жұртшылықты табиғи апаттан сақтап қалу мақсатында тиісті мекемелер мен басшылар ауқымды жұмыс жасаулары қажет. Облыс аумағында 35 гидрологиялық және 29 метобекет орналастырылып, сол арқылы өзен суларының жайын болжап отыру, мониторинг сараптама жасау да қолға алыныпты. Облыс әкімі Б.Сапарбаев аудан, қала басшыларына күн сайын сенбіліктер өткізіп, апаттың алдын алу жөнінде нақты тапсырма берді.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.