Аймақтар • 02 Мамыр, 2019

Қостанайда отбасылық ірімшік цехы ашылды

1112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таран ауданының Май ауылында Наталья Ержанова өзінің отбасылық ірімшік цехын ашты. Натальяның қолынан шыққан ірімшікті ауылдастары Маяк ауылының бренді санайды. Бұл оңай жұмыс емес, бірақ Натальяның өзінің сүйікті ісі болғаннан кейін оның қиындығын елемейді. Кәсіпкер ірімшікті әу баста өзінің ас үйінде қайнатып жасап жүрді, енді оның өндірістік цехы бар.

Қостанайда отбасылық ірімшік цехы ашылды

Бастама тұрмыстың қиындығынан пайда болды. Жолдасы Арман екеуі бірнеше сиыр ұстады, ал сүт өткізетін орын алыс, оған барғанша сүт ашып кетіп жүрді, шығынға батқан кезі де болды. Осы кезде Натальяға «неге ірімшік қайнатпаймын?» деген ой келді. Бірақ оларда бұл үшін құрал да, қаржы да жоқ болатын. Тығырықтан «Бизнес-Кеңес» курсына жазылу шығарды.

«Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында маған білім беріп ғана қойған жоқ, кәсібімді ашуға, бизнес-жоспарымды жасауға көмектесті. Соның арқасында мен 3 миллион теңге грант алдым. Қостанай ауданындағы «Садчиков» ЖШС-де болып, ірімшікті өндірістік дайындауды көрдім», дейді Наталья.

Ірімшікті дайындау нағыз өнер. Ол өзінің асханасында оның барлық сырын үйренуден өтті деуге болар. Ал ол Натальяның болашақ кәсібінің кепілі болды. Оның ірімшігін алдымен ауылдастары сатып алды, ал қазір көрші ауылдар мен қалалардан да сұраныс жасайды. Ірімшік жасауға асханасы тарлық еткеннен кейін Наталья өзінің моншасын қайта жөндеп, цехқа айналдырды. Қазір Натальяның ірімшігі жеңсік асқа айналды, ең бастысы, ауылдастары үшін артық сүтті қайда тапсыру мәселесі де шешілді.

Қостанай