Руханият • 03 Мамыр, 2019

Глинка атындағы музыка мектебіне Естай Беркімбайұлының есімі берілді

1293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұз қаласындағы Глинка атындағы музыка мектебіне Естай Беркімбайұлының есімі берілді. Бұл туралы күйші Қайрат Айтбаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

Глинка атындағы музыка мектебіне Естай Беркімбайұлының есімі берілді

«Сүйінші, ағайын! Екібастұз қаласындағы Глинка атындағы музыка мектебі əнші, композитор Естай Беркімбайдың атына берілді! Былтыр осы уақытта «Қобыз үнді Естай» деген мақала жазған болатынмын. Ол мақала еліміздің бас газеті «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан еді. Сол мақаланың септігі тиді деп ойлаймын. «Egemen Qazaqstan» газетінің басшысы Darhan Qydyráli мырзаға алғыс айтамын жəне осы істі бастан-аяқ тыңғылықты бітіріп, мəресіне жеткізген бүгінгі Естай мектебінің директоры Медғат Манапов бауырыма құтты болсын айтамын!» деп жазды Қайрат Айтбаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында.