05 Мамыр, 2019

Геннадий Головкин жаңа бапкерін таныстырды

1058 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин өзінің жаңа бапкерін таныстырды. Енді отандасымызды америкалық бапкер Джонатан Бэнкс жаттықтырады.

Геннадий Головкин жаңа бапкерін таныстырды

Джонатан Бэнкс кәсіпқой бокстағы карьерасын 2014 жылы аяқтаса да, 2012 жылдан бастап боксшыларды жаттықтырып келеді. Бапкерлік карьерасын атақты жаттықтырушы Эмануэль Стюардтың көмекшісі болып бастаған ол 2012 жылы ұстазы қайтыс болған соң, оның орнына ауыр салмақтағы украиналық Владимир Кличконың негізгі бапкері атанды.

36 жастағы Бэнкс Головкиннен үш айға кіші. Ол 2004-2014 жылдар аралығында кәсіпқой бокста 33 жекпе-жек өткізіп, оның 29 кездесуінде жеңіске жеткен. 19 қарсыласын нокаутпен жеңсе, үш айқасында жеңіліп қалған. Бір кездесуінде тең түскен. Сондай-ақ Бэнкс бірінші ауыр салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған.