Экономика • 07 Мамыр, 2019

Мемлекеттік кірістер комитетінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды

745 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды.

Мемлекеттік кірістер комитетінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды

Өмірзақ Көбегенұлы Бейспеков, Талғат Шәриұлы Мамаев, Жайдар Дабырұлы Іңкәрбаев Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 

Мамаев Талғат Шәриұлы салық жүйесінде 2005 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс атқарады. Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің бөлім бастығы, басқарма басшысы, төраға орынбасары қызметтерін атқарды. 2008 жылдан 2012 жылға дейін - Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің басшысы, 2012 жылдан 2014 жылға дейін - Қарағанды облысы бойынша салық департаментінің басшысы, 2014 жылдан 2017 жылға дейін - Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2017 жылдан осы уакытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры.

Өмірзақ Көбегенұлы Бейспеков Кедендік органдарында 1994 жылдан бастап жұмыс істеді. Әр түрлі уақытта кеден бекеттерінің басшысы лауазымдарында «Қайрақ», «Майқапшағай», «Достық» кеденінде, Алматы, Павлодар облысы бойынша кеден бақылау Департаментінің басшысы болып қызмет етті. 2010 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Кеден бақылау комитетінің төраға орынбасары болып тағайындалған. 2014 жылғы 17 ақпаннан - Қазақстан Республикасы Беларус Республикасындағы елшілігінде кеңесші, 2018 жылғы 4 қазаннан - Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары қызметтерін атқарды. 

Жайдар Дабырұлы Іңкәрбаев Алматы қаласы Медеу, Әуезов аудандары бойынша салық басқармаларының басшысы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер комитетінің басшысының орынбасары, 2018 жылғы 19 ақпаннан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төраға орынбасары қызметтерін атқарды.


Соңғы жаңалықтар