Қазақ тілін меңгеруге ниетті астаналықтар үшін арнайы ұйымдастырылған курсқа өтініштер 2026 жылғы 8-23 қаңтар аралығында қабылданады. Сабақтар 2026 жылдың 2 ақпанында басталады.
Курс офлайн және онлайн форматта өткізіледі. Оқу ұзақтығы – 4 ай, сабақтар аптасына 3 рет өтеді. Оқу бағдарламасын толық аяқтаған қатысушыларға сертификат табысталады.
Курсқа тіркелу мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет.
Байланыс телефондары:
Жұмыс телефоны: +7 (7172) 24-90-52;
Ұялы телефон: +7 747 248 82 20.