Аймақтар • 15 Мамыр, 2019

Павлодарда 3718 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

845 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш қабылдау 1 сәуірінен басталған.

Павлодарда 3718 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

Қазір жалпы, күнкөріс деңгейінің көлемі  14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін арттыру қарастырылуда.

Бұдан басқа, АӘК алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде «Күміс алқа» және «Алтын алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы отбасыларға және көп балалы аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша балаларға арналған жәрдемақы, сондай-ақ стипендиялар алынып тасталды.

Ал, ай сайын атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған отбасының әрбір баласына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 20 789 теңге мөлшерінде кепілді көмек төленеді.

Өңірде  1-ші сәуірден бастап Халықты жұмыспен қамту орталықтары, ауыл әкімдері тұрғындарына кеңес беріп, АӘК жаңа тетікті тағайындауға өтініш қабылдауда.

Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы 20 мыңнан астам отбасыға кеңес берілді.

Облыс бойынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек  302,6 миллион теңгеге 3718 аз қамтылған отбасына көрсетілді.