
Қай заманда болсын әдеби сынға ешкімнің көңілі толған емес. Сын деген – әдебиеттегі ауыр әрі жауапкершілігі зор сала. Оның үстіне қазіргідей мәдениеті жалаңаштанған, бағлан өнердің бәсі тобырлық деңгейге түскен қоғамда биік өнер мұраты, талғам таразысы туралы сөз қозғаудың өзі қызық. Сосын сын қабылдау мәдениетін меңгермеген, әдебиеттегі ағалар ортасын көрмеген, академиялық мектептен өтпеген шеттерінен жұлдыз ауруына ұшыраған құдай-жұлдыздардың (бұл жерде қазіргі әдебиеттегі жас буын хақында айтып отырмыз) ешкім түсіне алмайтын «тіліне», көркемдігі солғын, бояуы жоқ һәм туған әдебиет дәстүріне жат, «селт» еткізе алмайтын жансыз жазбаларына жанашырлықпен сын айтып, талғам таразысына тартсаңыз, олардың табынушы фанаттары соңыңа ит қосып, балағыңа жабысып жатса, бұл әділдік пе?! Тіпті мұны тобырлық сананың салтанат құрып, гүлденіп тұрғанымен түсіндірсек те, жазған шығарманы әділ сынап, шынайы бағасын берген сыншыны туынды авторының өзі түсіне алмауы, бірін-бірі түсінісе алмауы, қабылдамақ түгілі өре түрегеліп, қарсылық танытатыны қалай? Бұдан кейінгі сындарыңды баспасөз бетіне шығартқызбайтын «құдірет» бар соларда! Ең қызығы сол – әдеби сайттарға жариялатсаң, министрліктегі немесе басқа да билік тізгініндегі тамыр-таныстарына айттырып, мақалаңды алдыртып тастайды. Сонда сын кімге керек? Не үшін керек? Ең маңызды мәселе осы болуы тиіс!
Сөздің әділіне келер болсақ, әдеби сынның сипаттамалық шолу, рецензия, полемикалық реплика, әдеби портрет, библиографиялық ескертпе, әдеби-сыни диалог, коментарий эсселі түрлері болады. «Әдеби сын жоқ» дейтіндер сын саласының осындай түрлері бар екенін жете білмейді! Сын деген біреуді қаралау, иә болмаса тұқырту емес, шығарманы сүйектеп, жіліктеп талдау емес пе еді. Туындының тақырыптық-идеялық, стильдік-жанрлық һәм көркемдік сапасын, поэтикалық қуатын, тілдік ерекшелігін аша көрсететін сын мақалалар мен зерттеулер көп жазылу үшін сыншыға қомақты әрі лайықты қаламақы қою керек. Мысалы, бізде қазір әдеби байқау, мүшәйра көп. Бірақ әдеби сынға, әдебиеттану мәселесіне арналған поэтикалық байқау бар ма? Әрине, жоқ. Түйткілді сын саласының даму тенденциясына арналған не конференция, не семинар ұйымдастырылмайды. Әр сыншы өз қазанында өзі қайнап жатыр. Сыншыны материалдық тұрғыдан қолдамаса, қаламақы алмаса нарық заманында тегіннен тегін жұмыс істеу, жүйке жұқарту, босқа уақыт «өлтіру» кімге керек?! Ал әдебиетке адалдық танытып, жанашырлықпен диагноз қойып, кейде ащылау сын айтып жатқан сыншыға қоқан-лоқы көрсетіп, жанын жаралаймыз. Сондағысы олар біреудің сойылын соғып, қарсы тараптың сөзін сөйлеп жүр деген жалған пікір, қате көзқарастың салдары. Сонда сыншы қайтпек керек? Әдебиетші ағайындарымыз «Бізде сын жоқ!» деп байбалам салмастан бұрын осы жағын ескергені жөн болар...
Елдос ТОҚТАРБАЙҰЛЫ,
балалар жазушысы, зерттеуші, «Дарын»Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Ақшолақов Ресейден газ тартудың оңтайлы жолдарын атады
Қазақстан • Бүгін, 15:52
Мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс жарияланды
Ғылым • Бүгін, 15:42
Молдованың экс-президенті сатқындық жасады деген күдікпен ұсталды
Әлем • Бүгін, 15:30
Өзбекстанда заңсыз ұсталған қазақстандық туристерге қатысты СІМ пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 15:22
Қызылордада 214 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:15
Шымкентте өртенген ғимараттан мәйіт табылды
Оқиға • Бүгін, 15:02
Дипломдық жұмыстарға қойылатын талап өзгереді – Асхат Аймағамбетов
Білім • Бүгін, 14:53
12 жастағы қызды тонаған ұры ұсталды
Қазақстан • Бүгін, 14:42
АӘК алатын тұрғындарға газ бағасы төмен болады
Үкімет • Бүгін, 14:35
Нұр-Сұлтанда мыңдаған үй газға қосылады
Елорда • Бүгін, 14:25
Студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады
Білім • Бүгін, 14:12
Биыл 93 елді мекен газбен қамтылады
Қазақстан • Бүгін, 14:01
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Ұқсас жаңалықтар