Жарыс бағдарламасына сай, жүгірушілер 21 шақырымдық қашықтықты бағындыруы тиіс. Сонымен қатар, желаяқтар жеті шақырымдық «Скандинавия жүрісі» сынында да күш сынасатын болады.
Ауқымды спорттық шара өтетін күні қаладағы Бұқар жырау және Нұркен Әбдіров даңғылдары мен тағы да екі-үш көше жабылады. Марафон барысында жанкүйерлер мен көрермендерге арналып ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылмақшы.
Жыл сайын өтетін дәстүрлі жартылай марафонға кәсіпқой атлеттермен қатар әуесқой жүгірушілер де қатыса алады.
Қарағанды облысы