Аймақтар • 16 Мамыр, 2019

Қарағандыда «Табиғатты аяла» атты облыстық форум өтті

1240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Табиғатты аяла» атты облыстық форум өтті.

Қарағандыда «Табиғатты аяла» атты облыстық форум өтті

Жас натуралистер станциясының базасында өткен жиынға  жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер қатысып, өздерінің зерттеулері мен жобаларын ұсынды.

Форум аясындағы байқау барысында қазылар алқасы «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоәлем», «Жасыл оазис», «Табиғаттың құтқару шеңбері» экологиялық квест аталымдары бойынша үздік жұмыстарды анықтады.

Қазылар назарына іліккен жұмыстардың авторлары ағымдағы жылдың 11-13 маусым күндері Қарағандыда өтетін республикалық форумда облыс намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.

 

Қарағанды облысы