Арнайы парламенттік сыйлық 2016 жылы палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Мәжіліс бюросының шешімі бойынша тағайындалған болатын. Биылғы жылы үшінші рет тапсырылады. Атаулы сыйлыққа палатаның заңшығарушылық қызметі жайында 2018 жылдың 3 қыркүйегі мен 2019 жылдың 15 маусымы аралығында жазылған және жарық көрген материалдар қабылданады.
Жеңімпаздар алты аталым − Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бейнематериалдар бойынша анықталады. Сондай-ақ Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуына үлес қосқандар да ескерілетін болады.