Аймақтар • 16 Мамыр, 2019

«Хан-Шатыр» маңында қазақ этноауылы ашылады

1039 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

31 мамыр мен 2 маусым аралығында елордада алғаш рет «Nur-Sultan Ethno Fest» ірі этномәдени мерекесі өтеді деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Хан-Шатыр» маңында қазақ этноауылы ашылады

«Хан-Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының алаңында киіз үйлер тігіліп, аттар мен қыран құстар көрмесі ұйымдастырылады, сондай-ақ, келушілер құмыра жасау ісімен танысады, ортағасырлық стильдегі этнобазарды аралайды. Этноауыл сағат 10:00-22:00 аралығында ашық болады. Шараны Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Қазақстанның этноспорт қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырады.

Этноауыл аумағында орналасқан киіз үйлердің жанынан ұлттық кәдесыйлар сатылатын арнайы жәрмеңке өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары үш күндік фестиваль аясында ақындар айтысы, мерекелік концерт сияқты шараларды тамашалап, найза лақтыру, қол күресі, мас-рестлинге, садақ ату және серке көтеру жарыстарында күш сынасады. Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылардың атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Nur-Sultan Ethno Fest» шарасының ерекшелігі – жиналған қауым қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен етене таныса алады. Өкінішке орай, уақыт өте келе олар ұмытылып жатыр. Мысалы, қамшыгерлік, тезге салу, қолқа салу, тығырыққа тіреу, арқан өру, қамшы өру и шаңырақ көтеру. Фестиваль шеңберінде өтетін басты шара атта отырып садақ атудан бірінші «Алтын жебе» Әлем чемпионаты болмақ. Жарысқа әлемнің 20 мемлекетінің мергендері қатысады»,– дейді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.

Атта отырып садақ атудан «Алтын жебе» Әлем чемпионаты – алғаш рет өткізілгелі отырған бірегей спорттық жарыс. Аталмыш ірі халықаралық турнир «Nur-Sultan Ethno Fest» алаңында ұйымдастырылады. Қазіргі кезде дүбірлі додаға әлемнің 20 мемлекетінің үздік мергендері қатысатындарын растаған. Оның ішінде Орталық Азия елдерінен өзге Малайзия, Оңтүстік Корея, Иордания, Румыния, Финляндия, Польша, Венгрия және тағы да басқа мемлекеттердің өкілдері бар.

Сонымен қатар, 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында «Nur-Sultan Ethno Fest» аумағында балаларға арналған аттракциондар жұмыс істейді. Фестивальдің кішкентай қонақтары елордалық Қуыршақ театрының үздік қойылымдарын тегін тамашалайды, атқа мініп, асық ату, ләңгі ойындарын ойнайды, отбасылық эстафетаға қатысады.

«Nur-Sultan Ethno Fest» фестивалінің ресми ашылуы 31 мамырда сағат 19:00-де өтеді.

«Nur-Sultan Ethno Fest» толық бағдарламасы. 

31 МАМЫР, ЖҰМА. ФЕСТИВАЛЬДІҢ І КҮНІ 

10:00 – 13:00 Этноспорттық ойындар көрінісі (көкпар, аударыспақ, теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, қамшыгерлік) 

14:00 – 18:30 «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты. Ат үстінде садақ ату. Оқу-жаттығу кезеңі. Жеребе тарту рәсімі 

19:00 – 20:30 «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесінің салтанатты ашылу рәсімі. Концерттік бағдарлама

1 МАУСЫМ, СЕНБІ. ФЕСТИВАЛЬДІҢ ІІ КҮНІ 

10:00 – 14:00 «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты. Азия стилі 

14:00 – 16:00 Күй cайыс. Айтыс 

16:00 – 18:00 Этноспорттық ойындар көрінісі (көкпар, аударыспақ, теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, қамшыгерлік) 

18:00 – 20:30 «Балдәурен» балаларға арналған мерекелік концерт

2 МАУСЫМ, ЖЕКСЕНБІ. ФЕСТИВАЛЬДІҢ ІІІ КҮНІ 

10:00 – 14:00 «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты. Түрік стилі 

14:00 – 15:30 Этноспорттық ойындар көрінісі (көкпар, аударыспақ, теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, қамшыгерлік) 

15:30 – 18:30 «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты. Қазақ стилі 

19:00 – 20:30 «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесінің салтанатты жабылуы. «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты жеңімпаздарын марапаттау рәсімі. Концерттік бағдарлама.