Президент • 22 Мамыр, 2019

Мемлекет басшысы «Green Capital Kazakhstan» жылыжай кешеніне барды

878 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Green Capital Kazakhstan» жылыжай кешеніне барды

Қазақстан Президенті Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жылына 3 мың тонна көкөніс өсіретін «Green Capital Kazakhstan» ЖШС-нің жылыжай кешенін аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның шығаратын өнімдерін көрді және жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін осындай инвестициялық жобаларды іске қосудың маңызды екенін атап өтті.