Президент • 22 Мамыр, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында болды

924 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысына Қазақстан металлургиясы көшбасшыларының бірі саналатын зауыттың технологиялық үдерісі мен өндірістік көрсеткіштері көрсетілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында болды

Қазақстан Президентіне «халық бақылауы» жобасы таныстырылды. Бастама аясында мүмкіндігі шектеулі жандар өндіріс орнында қауіпсіздік техникасының сақталуы мен еңбектің қорғалуын қамтамасыз етуге атсалысады.

Мемлекет басшысы жобаның әлеуметтік маңызын атап өтіп, оның іске асырылу нәтижелерін жоғары бағалады, сондай-ақ, бұл тәжірибені кеңінен қолдануды тапсырды.

– Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Өйткені, өндірісте жарақат алып қалу қаупі жоғары болғандықтан, бұндай жұмыс өте пайдалы және қажет. Еңбеккерлерді әлеуметтік жағынан қызықтыратын жобаның маңызы зор. Баршаңызға денсаулық, бақ-береке тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.