Медицина • 23 Мамыр, 2019

Мейіргерлік білім берудегі тәжірибе мәселелері қарастырылды

1354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада мейіргерлік істе институционалдық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында бірнеше мемлекеттің сарапшы мамандары қатысқан конференция өтіп жатыр.

Мейіргерлік білім берудегі тәжірибе мәселелері қарастырылды

23-24 мамыр күндері Назарбаев университетінің Медицина мектебінде елімізде осы сферада еңбек етуші 200-дей маманның қатысуымен мейіргерлік білім берудегі тәжірибе мәселелері қарастырылған жиында 3 жылдық «ProlnCa» жобасының іске асуы әңгіме өзегіне айналған. Аталған жобаға Еразмус+ Еуропалық бағдарламасының 1 млн. қаржы бөлгенін айта кеткен жөн. Қазақстанның 5 ЖОО, ал Еуропаның 4 университетінен мамандар бірлесе жүзеге асырып жатқан жобаның негізгі  үйлестірушісі Финляндияның JAMK қолданбалы университеті болса, біздің елде Жобаның ұлттық үйлестірушісі-Назарбаев Университетінің Медицина мектебі екен.

Мейіргерлерді даярлауда үш жақты–білім беру, ғылым және тәжірибенің интеграциясын қамтамасыз етуді көздеп, мейіргерлерді тек дәрігердің көмекшісі деп қарамай, оларды орта кәсіптік білім–бакалавриат– магистрантура– докторантурада оқытып көп деңгейлі маман ретінде дайындап, мәртебесін күшейту жобаның негізгі мақсаты болып отыр.