13 Ақпан, 2013

Киевтегі кардиологиялық орталықта

371 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Киевтегі кардиологиялық орталықта

Сәрсенбі, 13 ақпан 2013 7:07

Қазақстанның Украинадағы елшісі Зауытбек Тұрысбеков Киевтегі Балалар кардиологиясы мен кардиохирургиясы ғылыми-практикалық медициналық ор­талығында болды. Бұл орталық осы саладағы көшбасшы ұжымдарының бірі әрі Украинаның бірден-бір мамандандырылған медициналық мекемесі болып табылады. Балалар кардиологиясы орталығы Украина азаматтарымен бірге, басқа да көптеген елдерден, соның ішінде Қазақстан, Молдова, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен келген пациенттерді жүйелі емдеп, операция жасап келеді.

Елші З.Тұрысбеков осы ор­талықтың басшысы, белгілі кардиохирург, медицина ғылым­­­да­ры­ның докторы, Украи­­­наның ең­б­ек сіңірген дәрігері, Қазақстан достары клубының мүшесі Илья Емецпен кездесті. Әңгіме барысында Балалар кардиологиясы мен кардиохирургиясы орталығы және Қазақстан дәрігерлері арасындағы әріптестікті тереңдету жайы тал­қыланды. И.Емец клиника ма­мандарының жоғары кәсіби әлеуеті жөнінде айта келіп, орта­лықтың материалдық-техникалық жарақтандырылуын және қазіргі заманғы құрал-жабдықтардың мүмкіндігі қандай екендігін көр­сетті. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы Педиатрия және ба­лалар хирургиясы ғылыми орталығымен байланыстың жыл­дан жылға нығайып келе жатқанын тілге тиек етті.

Өз кезегінде Елші Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ­стан халқына арнаған «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында алға қойған міндеттер жайында кеңінен әңгімеледі. Елбасының Астана қаласында медициналық кластер құру бастамасына ерекше назар аударып, И.Емецті және клиника дәрігерлерін тәжірибе алмасу, көшпелі операциялар жасау мақсатында елордаға келуге шақырды, украиналық орталықтың базасында қазақстандық кардиолог дәрігерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды.

Осы орталықта Қазақстаннан келген бес жасар қыз емделіп жатыр. Бұған дейін оның туа біткен күрделі жүрек ақауына әлемнің кейбір клиникалары операция жасаудан бас тартқан соң, аталған украиналық кардиология орталығы директорының орынбасары, жетекші хирург А.Д.Бабляк операцияға тәуекел еткен-ді. Қазір дәрігерлер баланың өмірі мен денсаулығына алаңдап отырған жоқ, таяу күндері оны жансақтау бөлімінен жалпы бөлімге ауыс­тырмақ. Қазақстан елшісі З.Тұ­рыс­беков дәрігерлермен, бала­ның анасымен сөйлесіп, жас қазақстандықтың денсаулық жағдайын сұрап білді. Баланың анасы қамқорлық жасағандары үшін Кардиологиялық орталық ұжымына, Қазақстан дипло­мат­тарына және операция жасауға қаржылай көмек көрсет­кен Олимпиада чемпионы А.Вино­куровқа шексіз алғысын білдірді.

Серік ШАЛҚАР.

УКРАИНА.