22 Ақпан, 2013

Бесаспап

426 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бесаспап

Жұма, 22 ақпан 2013 7:02

Кентау қаласында кеудесіне тас қойып, балғамен ұрғызып сындыртатын, маңдайымен жаңғақ шағатын Жеңіс Берікқара деген қария тұрады. Әрдайым саламатты өмір салтын насихаттап жүретін Жәкең күнделікті турникке тартылып, жүгіруді әдетке айналдырған. Сондай-ақ, ол қала тұрғындарына ақындығымен және халық әндерін нақышына келтіре орындайтын серілік өнерімен де етене таныс. Қалалық соғыс және еңбек ардагерлері хорына қосылғанына да біраз жыл болып қалыпты.

– Мен бұл ортада жанға рахат табамын. Мұнда пікірлес, сыйлас адамдар көп. Хорда көпшілікпен бірге және жеке дауыспен халық әндерін айтамын, – дейді Жеңіс Берікқара.
Ал саламатты өмір салтын ұста­­­нуға бел буған кезін қария былайша еске алады:
– Мен 11 жыл бойы «Мыр­ға­лымсайда» кенші болып жұмыс істедім. Ондағы жұмыстар ауыр болды. Кейіннен организмімді тазалау үшін спортпен шұғыл­да­нуым, саламатты өмір салтын ұстануым қажеттігін түсініп, осы жолды таңдадым. Қазір таң­­­ертең ерте тұрып, төрт-бес ша­­қырым жүгіріп келіп, дене жат­ты­ғуларын жасаймын. Өз бас­та­маммен «Сегіз сері» деген клуб аштым. Оның мүшелерінің көп­шілігі зейнет жасындағы жандар. Арасында жастар да бар. Бекзат Саттарханов атындағы балалар және жасөспірімдер спорт мек­тебінде аптасына үш күн жиналып, әртүрлі жаттығулармен шынығып тұрамыз.
Жәкең өткен жылы өзі өсір­ген түрлі табиғи гүлдер мен үйін­дегі кі­таптардың барлығын жи­нап мә­­дениет сарайы мен ор­талық кі­­тапханаға өткізіпті. Олар­дың іш­інде «Абай жолы», «Сырым батыр», «Манас» эпосы, «Батырлар жы­­ры», Мұхтар Әуе­зов, Сәбит Мұ­­қанов, Тахауи Ах­танов, Әнуар Әлім­жанов, Ба­­уыр­жан Мо­мыш­ұлы, Әзілхан Нұр­­шайықов секілді ақын-жазу­­шылардың кітаптары мен спорт, медицина тақырыбындағы өте сирек кездесетін, бағалы еңбектер бар.
Бұдан бөлек, ақсақал қара­па­йым құрылыс материалдарынан түрлі композициялар жасау­мен айналысады. Мәселен, Қа­зақ­стан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен жылдары ескерткіш балбалтасты құрастырса, Ұлы Жеңістің 65 жыл­дығы қарсаңында май­дан­гер­лердің ерлігін бейнелейтін композиция жасады.
Қайрат ЗАЙНИШЕВ.
Оңтүстік Қазақстан облысы.