Руханият • 24 Мамыр, 2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік тілдегі титрлардағы қателіктер туралы пікір білдірді

945 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фэйсбук парақшасында «Отель Мумбаи» фильмінің мемлекеттік тілдегі титрларына байланысты өз пікірін жазды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік тілдегі титрлардағы қателіктер туралы пікір білдірді

- Биыл қабылданған «Кинематография туралы» Заңға сәйкес прокаттағы фильмдерге титр беру немесе дубляж арқылы мемлекеттік тілге аударуды кинопрокат құқығын иеленуші дистрибьютор қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тілге кәсіби дубляж жасалған фильмдердің сирек кездесуінің себебін түсіндіруде дистрибьюторлар оның қымбатшылығына сілтейді. Дубляжға жұмсалған қаржы фильмнің Қазақстандағы көрсетілімінен түскен пайдадан асып түсуі мүмкін, сондықтан көбінесе титр арқылы аудармаға жүгінеді,- деп жазды А.Мұхамедиұлы.

Министрдің жазуынша, өкінішке қарай, фильмдерді қазақ тіліне аударғанда кейбір кинокөрсетушілер тарапынан қателерге жол беріледі.

- «Мумбаи отелі: Тайталас» фильмінде осы жағдай кездесті. Көрермендерден түскен шағымдар негізінде аталған фильмнің прокатқа берілген куәлігін алып қою туралы шешім қабылдадық. Кинопрокат құқығын иеленушілерге фильмдерді мемлекеттік тілге  грамматикалық қатесіз, мағынасын түсінікті етіп, көрермендердің ренішін тудырмайтындай қылып аударуды өтінемін. Қатаң шара қолданғымыз келмегенмен, «Кинематография туралы» Заңның іске асуы біз үшін өте маңызды. Сіздер түсіністікпен қабылдайды деп сенемін, - деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше