Аймақтар • 24 Мамыр, 2019

Қаламқас кенорнындағы №8237 ұңғымасы жанынан грифон пайда болды

1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 22 мамырында сағат 18.20 шамасында Қаламқас кенорнында орналасқан №8237 ұңғымасы аумағында биіктігі 40-50 сантиметр су-газ қоспасының атқылауы (грифон) пайда болды. Сондай ақ, №8237 ұңғыма сағасында қысымның 4 атмосфераға дейін жоғарылауы байқалды. Жүргізілген арнайы шаралардан кейін құбыр ішіндегі қысым 2,2 атмосфераға дейін төмендеді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қаламқас кенорнындағы №8237 ұңғымасы жанынан грифон пайда болды

Бұл туралы мемлекеттік құзырлы органдарға хабар берілді. Қазіргі таңда жедел штаб құрылып, су-газ қоспасының пайда болу аймағында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, оны оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.


Маңғыстау облысы







Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Толағай қыз

Қоғам • Бүгін, 08:50

Бұрхансайдың таңбалы тастары

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Кімдерге рақымшылық жасалады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:20