Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысын өткізді. Алқалы жиынға Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшелері, ұлттық компаниялар мен еліміздің бизнес өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бірінші кезекте жеке бастама мен еркін кәсіпкерлік экономиканы дамытудың және еліміздің әл-ауқатын арттырудың негізгі факторлары екенін атап көрсетті. Бұл факторлар бүгінгі отырыс тақырыбының «Кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасын жаңғыртудың негізі» деп аталуына түрткі болғанын айтты.
«Былтырғы жыл біздің бизнес үшін табысты болды. Нақты жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 11 пайызға көбейіп, 1,3 миллионға жетті. Шағын және орта бизнес өндіретін өнім көлемі 14 пайызға артып, 26,5 триллион теңгені құрады. Экономикадағы бұл саланың үлесі өткен жылғы көрсеткіш бойынша 25,6 пайыздан 28,3 пайызға дейін өсті. Бұл жаман көрсеткіш емес. Қазақстанда бұрын өндірілмеген 500-ден астам өнім түрі шығарыла бастады. Экспорттың таралым аумағы кеңеюде, отандық өнімдер әлемнің 120 елінің нарығына жеткізілуде. Бірақ жетістіктермен бірге, бірқатар шешімін күткен мәселе де бар. Бұл – іскерлік ахуал, тауарларды өткізу нарығы, қаржыландырудың қолжетімділігі сияқты мәселелер», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті қолайлы іскерлік ортаны, бизнеске тиімді қолдау көрсетуді және бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді белгілеп берді. Тарата айтар болсақ, Қ.Тоқаев ең алдымен қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыру қажеттігіне екпін берді. Осы орайда Президент: «Соңғы жылдары бизнесті алаңдатқан бірқатар мәселе шешілді. Саланы бақылау және қадағалау тетіктерін жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. Мемлекеттік органдардың тексерулеріне қатысты жұмыстар реттелді», деді.
Мемлекет басшысы екінші міндет ретінде тиімді бизнесті қолдау керектігін атады. Жекелеген игі бастамаларды жан-жақты насихаттау, қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығы болып келгенін қозғаған Қ.Тоқаев: «Елбасы шешімі бойынша қолжетімді несиелендіруді қамтамасыз ету үшін 600 млрд теңге бөлінді. Бұл «қарапайым» тауарларды өндіруді ұйымдастырудың керемет мүмкіндігі», деді.
Сондай-ақ Президент: «Біздің заңнамада дамыған елдердегідей салықтық несиелер сияқты кең тараған құрал жоқ. Оны Салық кодексіне енгізу керек деп есептеймін. Жаңа кәсіпорындар 3-5 жыл мерзімге инвестициялық салық несиелеріне қол жеткізуі тиіс. Бұл бизнеске нарықта орнығып, өзін-өзі ақтауға мүмкіндік береді. Бизнесті дамытудың үлкен әлеуеті отбасылық кәсіпкерлік тәжірибесінде жатыр. Сарапшылардың бағалауы бойынша, еуропалық компаниялардың 60%-ын ұрпақтан-ұрпаққа берілетін бизнеске, яғни отбасылық кәсіпорындарға жатқызуға болады. Финляндия, Германия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Швейцария секілді елдер – отбасылық кәсіпкерліктің көшбасшылары. Үкімет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, осындай тәжірибені біздің елімізде де орнықтыру мәселесін ойластыруы қажет», деді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы 2025 жылы экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 35-40%-ға жеткізу міндетін алға қойды.
Үшінші міндет ретінде бәсекеге қабілеттілікті қорғау және дамыту мәселесі аталды. Осы орайда Президент бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу, ашық бәсекелестікке кедергі келтірмеу қажеттігіне назар аударды.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы нарықты дамыту ісіне маңыз берді. «Отандық бизнестің ішкі және сыртқы нарықтарға қолжетімділігін кеңейту жөнінде шаралар қабылдау қажет», деген Президент жаһандық бәсекелестік жағдайында ішкі нарықты қорғау да өзекті екенін жеткізді.
Сондай-ақ Қ.Тоқаев мемлекет пен бизнестің кең ауқымды әріптестігін орнықтырудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша мемлекет-жекеменшік әріптестігінің әлеуетін айқындау қажет. Өткен жылдарда әлеумет нысандар – ауруханалар, балабақшалар, мектептер салуда мемлекет-жекеменшік әріптестігі кеңінен қолданылды.
Мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу ісі де Мемлекет басшысы тарапынан негізгі міндеттердің бірі ретінде аталды. «Мемлекеттің экономикаға қатысуын шектеу қажет. Біз экономикадағы мемлекет шекарасын айқын анықтауымыз керек. Қиын кезеңде мемлекет әрқашан экономикалық өсуді қолдау ауыртпалығын өз мойнына алды. Үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компаниялар үшін барлық рұқсат етілген қызмет түріне тексеру жүргізуді және оларды қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Сондай-ақ экономикада жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялаймын», деген Қ.Тоқаев экономиканың жүйелі түрде бәсекеге қабілеттігін жеке кәсіпкерлік қалыптастыратынын еске салды.
Сонымен қатар Президент отандық компаниялардың қаржылық тұрақтылығын арттыру қажеттігіне де басымдық берді. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта банкроттық рәсімдерін өтейтін кәсіпорындар саны 4 мыңға дейін өскенін, олардың қарызы 4 триллион теңгеден асатынын атап көрсетті. Президент осы орайда Үкіметтің ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесін пайдалана отырып, банкроттық туралы заңның жаңа нұсқасын қабылдау туралы мәселені қарауы тиіс екенін сөз етті.
Отандық кәсіпкерлердің Бизнес-дағдыларын жетілдіру, құзіретін арттыру ісі де басты міндеттердің бірі екенін жеткізген Президент технологиялық өзгерістер мен енгізілген инновациялар өмір бойы жаңа дағдыларды үйренуді талап ететінін қозғады. «2025 жылға дейін Қазақстанның еңбек нарығына 2 миллиондай жас азамат келіп қосылады. Орта және жоғары білімді мамандарға сұраныс артады. Төменгі білікті мамандар үшін жұмыс орындары азаяды», деді Қ.Тоқаев. Президент, сондай-ақ төртінші өнеркәсіптік революция біліктілікті арттыруға қатысты талаптарды күшейте түсетінін жеткізді.
Соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жоғары басшылығы отандық бизнеспен жүйелі диалог жүргізу үшін Ұлттық инвесторлар кеңесі тұрақты жұмыс істейтін алаң болуы тиіс екенін айтып, Үкіметке Кеңес жұмысының жаңа форматын бекіту жөнінде жарлық жобасын әзірлеуді тапсырды.
Отырыста «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, «Alageum Electric» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов, «Textiline» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры Инна Апенко, «Гормолзавод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Асен Жақсылықов, «Меthod» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Дагар Давлетовтер баяндама жасады.
Қуат Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді
ANTIKOR • Бүгін, 18:42
ШҚО-да жоғалған бала көпір маңындағы шұңқырдан табылды
Қоғам • Бүгін, 18:25
Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарады
Тағайындау • Бүгін, 18:03
Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 18:00
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:57
Атырауда нан қалдықтарына арналған арнайы контейнерлер орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қоянды су қоймасы аумағынан 19 тонна қоқыс шығарылды
Елорда • Бүгін, 17:42
Түркістанда заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін 3 цех анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:30
ШҚО-да жоғалған балаға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды
Қоғам • Бүгін, 17:22
12 жастағы қызды зорлаған ақмолалық ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Елордада Ironman жеңімпаздары анықталды
Елорда • Бүгін, 17:13
Орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылуы мүмкін бе?
Білім • Бүгін, 17:03
Еліміздің солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Экономика • Бүгін, 16:42
Докторантураға түсу емтихандары басталды
Білім • Бүгін, 16:31
Павлодар облысында алимент төлемей жүрген 270 адам іздестірілуде
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Педагог мамандығында оқып жүргендердің тәжірибеден өту тәртібі өзгереді
Білім • Бүгін, 16:15
Жеңілдетілген лизингпен алғашқы ауыл шаруашылығы техникасы беріледі
Қоғам • Бүгін, 16:07
Қазақстанда мектептегі оқу жылы 2 аптаға ұзарды
Білім • Бүгін, 16:00
Жыл басынан бері 4,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 15:52
Өскеменде 29 жастағы жігіт Ертіс өзеніне батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47
Тайтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 15:33
Қазақстандық жазушылардың детектив шығармалары бір кітапқа топтастырылады
Қазақстан • Бүгін, 15:25
Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға айыппұл мөлшері артады
Үкімет • Бүгін, 15:16
«Баланы мектепке жинайық» акциясы басталды
Қоғам • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Ядролық медицина орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:00
Қазақстанда ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады
Білім • Бүгін, 14:57
Алматы қалалық соты неге қоршалғаны белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Қызылорда облысында жолаушыдан 154 келі балық тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:45
Ресейден заңсыз әкелінген алкоголь өнімдері тәркіленді
Қазақстан • Бүгін, 14:39
Елордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:30
Петропавлдағы қалалық сотқа «бомба» қойылды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Жалған дипломмен лауазымды қызметке орналасқандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 14:10
Солтүстік өңірлерде қант қымбаттады
Аймақтар • Бүгін, 14:01
«Қарасора» 607 қылмыстың бетін ашты
Қоғам • Бүгін, 13:40
Экономика • Бүгін, 13:23
Есірткі жарнамалаған 1,6 мыңнан астам сайт бұғатталды
Қоғам • Бүгін, 13:01
Киікті атқан Ақмола тұрғынына қатысты іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Нұр-Сұлтанда «Арқар» көпіріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Елорда • Бүгін, 12:42
Қостанайлық көлік жүргізуші қала орталығының астаң-кестеңін шығарды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Ұқсас жаңалықтар