19 Сәуір, 2013

Ортақ мүдде тұрғысынан қажет

248 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ортақ мүдде тұрғысынан қажет

Жұма, 19 сәуір 2013 0:41

Еліміздегі зейнетақы жүйесін одан әрі жаң­­ғырту туралы бастаманың қоғамда кей жағдайда әрқилы  пікір тудырғанымен, түп негізінде әйел қауымының мүддесін қорғайтынын аңғару қиын емес. Ең бастысы, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын 63-ке дейін ұзарту қабыл алынып, бұл үдеріс кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болып отырғаны құптарлық. Атап айтқанда, жыл сайын алты айдан қосыла отырып, он жылға дейін созылады. Осылайша, бұл үдеріс тек 2023 жылы мәресіне жетеді.

Жұма, 19 сәуір 2013 0:41

Еліміздегі зейнетақы жүйесін одан әрі жаң­­ғырту туралы бастаманың қоғамда кей жағдайда әрқилы  пікір тудырғанымен, түп негізінде әйел қауымының мүддесін қорғайтынын аңғару қиын емес. Ең бастысы, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын 63-ке дейін ұзарту қабыл алынып, бұл үдеріс кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болып отырғаны құптарлық. Атап айтқанда, жыл сайын алты айдан қосыла отырып, он жылға дейін созылады. Осылайша, бұл үдеріс тек 2023 жылы мәресіне жетеді.

1998 жылы Қазақстан ТМД кеңістігіндегі елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып зейнетақы жүйесін реформалауға кірісті. Таратушы зейнетақы жүйесінен жинақтаушыға ауысу реформалаудың маңызды ерекшелігі болып табылды.
Бүгінгі күні еліміздегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысы тиімді зейнетақы алу үшін қажетті қаржылық қорды жинай алмау қаупі бар екендігін көрсетті. Бұған экономикалық белсенді тұрғындардың 5,3%-ына жуығын жұмыссыздар құрайтыны, әлемдік қаржылық дағдарыс, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық бағдарламалардың тұрақты қызмет атқаруына айтарлықтай әсері және жұмыспен қамтудағы күрделіліктер ықпал етті.
Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру және зейнетақымен қамтамасыз етудің сәйкестілігіне қол жеткізу үшін бірқатар шаралар қажет. Солардың бірі тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесі қызметімен қамтуды кеңейту болып табылады.
Бүгінде еңбекпен қамтылған 8,5 млн. тұрғынның ішінде тек 3,7 млн. адам зейнетақы жүйесінің белсенді жинақтаушысы болып табылады, азаматтардың 2 миллионнан астамы оған мүлде қатыспайды.
Кәсіподақ федерациясы өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген тұрғындарды олардың еңбегі заңнамалық деңгейде реттелуі үшін экономиканың ресми секторына  шығару туралы мәселені бірнеше жыл бойы көтеріп келеді. Бұл жұмыс істеп жүрген әр азаматқа бірыңғай зейнетақы жүйесінің толыққанды қатысушысы болуға және әлеуметтік кепілдік алуға мүмкіндік береді. Кәсіподақтардың пікірінше, бейресми жұмыспен қамтуды қысқартудың негізгі бағыттары жұмыс­шылардың әлеуметтік қорғалуына және еңбек жағдайына жайлы ахуал қалыптастыруға шоғыр­ландырылуы тиіс.
Қазіргі таңда жұмыспен қамтылған тұрғындар құрылымында өзін өзі еңбекпен қамтып отыр­ғандар – 2,7 млн. адам (32%), оның ішінде қала­лық тұрғындар – 859,2 мың, ауылдықтар 1,8 млн. адамды құрайды. Өзін өзі жұмыспен қам­тып отырғандардың көпшілігі өздерінің әрекеттерін ауыл шаруашылығында (57,3%), сау­да саласында (22,8%), көлік қызметін ұсынуда (6,3%) және құрылыста (5,7%) жүзеге асырады. Олардың көпшілігі ауылдық жерлерде өздерінің жеке шаруашылықтарында жұмыс істейді, одан түсетін кіріс те тұрақты сипатқа ие емес. Зейнетақы заңнамасын дамытудың жаңа жүйесіне сәйкес әркім өзінің жинағына жауапкершілік қалыптастыруы, заңнамамен қарастырылған ерікті зейнетақы жарналарын белсенді пайдалануы керек, оны азаматтың өзі немесе оның пайдасына үшінші тұлғалар енгізе алады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін жаңғырту Қазақстан Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-эконо­микалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын жүзеге асыруды  көздейді. Оның мақсаты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қаржылық тұрақты­лығына және оның деңгейін арттыруға қол жеткізу болып табылады.
Сонымен қатар, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін табысты шешу  қосымша кешенді жағдай туғызудың көмегімен мүмкін болмақ. Бар жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғындардың кірістері саласында ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалар көмегімен демографиялық даму, отбасылық саясат, өмір сүру сапасын, тұрғындардың денсаулығын арттыру мәселелерін реттеу. Осыған байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуды ынталандыру мен қызығушылықты арттыру үшін әлеуметтік серіктестіктердің барлық тараптарына кәсіпорындар мен ұйымдар ұжымдарында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жаңа экономикалық мінез-құлықты, құқықтық сауаттылық пен жеке әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру қажет. Бұл зейнетақы жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды, сонымен қатар, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауына сәйкес, азаматтардың әлеуметтік қауіпсіздігі мен аман-саулығын қамтамасыз етеді.
Жамал АХМЕТОВА,
облыстық кәсіподақтар
кеңесінің төрайымы.
Солтүстік Қазақстан облысы.