Аймақтар • 30 Мамыр, 2019

«Ашаршылық пен Үлкен террордың тарихи сабақтары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

897 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым» тақырыбында кітап көрмесі және дөңгелек үстел өтті.

«Ашаршылық пен Үлкен террордың тарихи сабақтары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

 «Қазақстанның тарихи-ағарту «ӘДІЛЕТ» қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі және Ұлттық кітапханада ұйымдастыруымен  «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым» кітап көрмесі «Ашаршылық пен Үлкен террордың тарихи сабақтары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасын тапты.  Ғалымдар бас қосуында жаппай саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық сталиндік қуғын-сүргін, ұлттық көтеріліске  арналған баяндамалар жасалды.

Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.

Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысы қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Міне, өшпес тарих бетінде жазылған ұлт қайраткерлерінің тағдырына қатысты, ұлттың болашағымен байланысты тарихи деректер ортада тоғысты.

Іс-шараға саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар, студентер мен БАҚ өкілдері қатысты.