Аймақтар • 31 Мамыр, 2019

Атырау саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

989 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шара өтті. Жиналғандар мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды.

Атырау саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

- Біз жазықсыз жәбірленушілерді еске аламыз,  азаматтық борышымыз оларды әрдайым еске алу, қазіргі ұрпаққа айту. Осы қайғылы уақыттан бері қанша жылдар өткеніне қарамастан,  халқымыздың есінде мәңгі сақталады, - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев. – Өз идеялары үшін күрескен миллиондаған адамдардың тағдыры ешкімді бей-жай қалдыра алмайды.

Облыс әкімі тәуелсіздік үшін күресте жүздеген адам бастарын қатерге тіккенін еске салды.

Тәуелсіздік жылдарында миллиондаған кінәсіз сотталған адамдардың есімдері ақталды. Үш миллионнан астам қазақстандық қуғын-сүргін мен ашаршылықтан зардап шекті. Қазақстандық зиялы қауым өкілдері жаппай қудаланды, олардың көпшілігі атылған, бұл Қазақстан үшін айтарлықтай соққы болды.

- Бүгін қайтыс болған жазықсыз адамдардың жадына құрметпен қарап, барлығыңызға амандық, бейбіт аспан, елімізге тыныштық  пен гүлдену тілеймін,-деді Нұрлан Ноғаев.