Спорт • 31 Мамыр, 2019

Желаяқтар Қырғызстанда жарысады

910 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-23 маусым аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл облысы аумағында орналасқан Шар Құдық шатқалында халықаралық «Tien Shan Trail Race» марафоны өтеді.

Желаяқтар Қырғызстанда жарысады

Ұзақ қашықтыққа жүгіретін желаяқтар арасындағы жарысқа кəсіпқой спортшылардан бөлек, əуесқойлар да қатыса алады. Бəсекелер 42, 21, 10 жəне 3 шақырымдық қашықтықтар бойынша өтеді. Осы додада жүлде алған жеңіл атлеттерге медальдар мен дипломдардан бөлек, түрлі сыйлықтар табыс етіледі.  

Былтырғы жылы да алматылықтар осы жарысқа көптеп қатысқан еді. Биыл да олар Орталық Хан-Тəңірінің 2200 метрлік биіктігінде орналасқан «Қарқара» лагерінде бас қосып, «Tien Shan Trail Race» марафоны  қызу даярлануда.

Осы жарыстың басты мақсаты - тау туризмі мен салауатты өмір салтын насихаттау, халықаралық спорттық жəне туристік байланысты нығайту, тау туризмінің ең үздік атлеттерін анықтау жəне де шетелдік спортшылар мен туристерді осы додаға көптеп тарту.

Марафонға Ак-Sai.com caйты бойынша тіркелуге болады.