Аймақтар • 02 Маусым, 2019

Семейде Балаларды қорғау күні ерекше аталып өтті

1574 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маусымның 1-і Халықаралық Балаларды қорғау күні Семейде ерекше түрде өзіндік сән-салтанатымен аталып өтілді.

Семейде Балаларды қорғау күні ерекше аталып өтті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов арнайы келіп, Орталық алаңда балаларға құттықтауын, игі тілегін жеткізді. Облыс әкімі Даниал Ахметов көп балалы аналарға балаларын жазғы мезгілде сауықтыру үшін лагерлерге тегін сертификаттар табыс етті. Және 4 жасар баланы құтқарған 8 жасар Виктор Новоселовке ҚР Білім және ғылым министрлігінен марапат қағаз бен жазғы демалысы үшін лагерге сертификат табыс етті.  

Халықаралық Балаларды қорғау күнінде қала бойынша 10-нан астам мерекелік алаң жұмыс істеп тұрды. Қаладағы Абай атындағы және Ф. Достоевский атындағы драма театрларда «Қаңбақ» және «Жила-была сыроежка» атты ертегі қойылымдар қойылды. Оған әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының 500 баласы және мүмкіндігі шектеулі 200 бала тегін барды.

Арнайы әлеуметтік көмек көрсету Орталығы да өздерінің қарамағындағы балалар үшін мереке ұйымдастырыпты. Бұл күні көптеген орындарда балалар үйінің балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қайырымдылық шаралары да молынан өтті.

Әсіресе, балалар демалуды бастаған мектеп жанындағы лагерьлер, спорт мектептері мен балалардың биологиялық орталығында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Спидкубинг бойынша қала құрама командасы осы ойын тақтасына қатысамын дегендерге шеберлік сағаттарын көрсетті. Балалардың және жастардың Орталық алаңда өткен музыкалық парадтары әркімді болсын таңғалдырды. Әр музыкалық ұжым өздерінің жеткен жетістіктері мен табыстарын паш етті. Шеруге колледждер мен мектеп оқушылары қатысты. Шеру бірнеше бөлімнен тұрды, атап айтқанда патриоттық, шығармашыл-мектеп, спорттық және орта арнайы деп аталды.

- Шерудің мақсаты – бұл «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеяны іске асыру жағдайларында мектеп оқушылары мен студенттерінің эстетикалық және патриоттық тәрбиесін дамыту,-деді Семей қалалық білім бөлімінң бастғы Наалия Фесенко,-бұл Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің бастамасы бойынша қатарынан екінші жыл өткізіліп отыр.

Шеру міндеттеріне тоқталса, тек балалар мен жастардың музыкалық мәдениетін арттырып қою ғана емес, сонымен қатар, өзінің білім беру ұйымына деген мақтанышы мен тиістілік сезімін қалыптастыру екен. Және  республиканың оқу орындарының мәртебесін көтеру және жарнамалау болып табылады. Шеру бұл біздің еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кең ауқымды республикалық акция, деп түсіндірді Н. Фесенко.

Қаланың жалпы орта білім беретін мектептері, колледждері мен қосымша білім беретін мекемелері шеруге орай дабылшылар отрядын, ансамбльдерді, мажореткаларды, черлидирлерді, хор, би ұжымдарын дайындапты.  Шараға барлығы 50 мектеп, 7 ұйым және колледж қатысты.

Шеруден кейін балалар Ертіс өзені жағалауына шығып, сол жердегі ойындарға, спорттық шараларға белсене атсалысты. Ертіс өзенінің жағалауында «Нұрлы болашақ» республикалық акциясы аясында балаларға арналып өткізілетін мереке басталды. Балдырғандар ұлттық ойындарға қатысып, арқан тартты. Және Балаларды қорғау күніне орай ең ұзақ сурет салып, оны Қазақстан тарихына, бейбіт өміріне арнады.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

«Еgemen Qazaqstan»