Жүрегі музыка деп соққан жас өнерпаздар үшін жыл сайын асыға күтетін үлкен өнер оқиғасы бар. Ол – «Жас қанат»! Міне, осымен 28-ші мәрте шымылдық түріп, жиырма сегізінші жұлдызын анықтауға кіріскен байқау көзді ашып-жұмғанша мәресіне де жетіп үлгерді. Үш күн бойы жас таланттардың үміт толы жанары мен лүпіл қаққан жүрегінің дүрсіліне куә болған елордалық тыңдарман кеше Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты жиында «Жас қанат-2019» жас орындаушылардың XXVІІІ республикалық байқауының кезекті жеңімпазына қуана қошемет көрсетті.

Тарихы ел егемендігімен егіз жасасып келе жатқан айтулы байқау өзінің 28 жылдық жылнамасында жас әншілердің тұтас толқынын тәрбиелеп шығарды. Талай таланттың бағын ашып, өнердегі бағытын айқындады. «Жас қанаттан» түлеп ұшқан Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Нұрлан Абдуллин, Бақыт Шадаева, Жанар Дұғалова, Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Димаш Құдайберген бастаған таланттар шоғыры бүгінде отандық ән өнерінің мақтанышы.
Осы бір әдемі үрдісті үзбей, жыл сайын өнерлі өрендер жүрегіне үміт отын жағып келе жатқан жұлдызды жобаның қанатын кеңге жайып, кәсіби келбет қалыптастыруына байқау продюсері Мұрат Ерғалиевтің сіңірген еңбегі зор.
– «Жас қанат» уақыттың сынынан сүрінбей өтті, оған қатысудың өзі – жеңіс. Байқау негізінен олимпиада жүйесімен өтеді және сондай қағиданы насихаттайды. Бізде бастысы жеңіс емес, қатысу. Себебі, «Жас қанат» өз қатысушыларына еліміздің ең ірі сахналарының бірінде өнер көрсету мүмкіндігін ғана сыйлап қоймай, әрбір өнерпазға өзіне деген үлкен сенім де береді. Сахна сыртында ол үшін уайымдап, қолдау көрсететін нағыз жанашыр достардың барын түсініп, өзі үшін маңызды шығармашылық орта қалыптастыра алады. Байқаудың басты құндылығы да осында, біздіңше. Ал бұл жобадан тыс уақытта да жас орындаушыларға өздерін кәсіби тұрғыда ары қарай дамуына таптырмас тәжірибе, дейді продюсер.
Еліміздегі ерекше танымалдыққа ие айтулы музыкалық жоба Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында мамырдың 31-і мен 2 маусым аралығында өтті. Биыл «Жас қанатқа» республиканың түкпір-түкпірінен барлығы 14 үміткер іріктеліп алынды. Олардың арасында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Көкшетау, Өскемен, Жамбыл және Балқаш қалаларының намысын қорғайтын өнерлі өрендер бар. Атап айтсақ, Дидар Әбдіхалық (Шымкент), Баубек Айдарбеков (Жамбыл облысы), Әділ Балтабаев (Көкшетау), Айжан Дәукенова (Өскемен), Айбек Жексен (Алматы), Айым Имашева (Семей), Ақерке Көпжасарова (Нұр-Сұлтан), Өркен Миров (Қарағанды), Александр Нам (Шығыс Қазақстан облысы), Олжас Оспан (Семей), Дәриға Сатарова (Нұр-Сұлтан), Серікбол Сейілханов (Семей), Жанболат Ұзақбай (Нұр-Сұлтан) және «Хан» триосы байқаудың негізгі жүлдесі – «Алтын қанаттың» иесі болуға барын салып бақты. 3 сайыстық кезең бойынша өнер көрсеткен қатысушылар кәсіби музыка мамандарының бағасымен қатар шығармашылық үлкен тәжірибе мектебінен де қатар өтті.
«Жас қанаттың» жиырма тоғызыншы толқын жеңімпазын анықтауға белгілі музыка мамандары: профессор Раиса Мұсаходжаева, «Астана Опера» театрының бас хормейстері Ержан Дәуітов, композитор Серік Еркімбеков, Kazakh-TV телеарнасының халықаралық ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ләззат Шатаева және «Жас қанат» жұлдызын жаққан жобаның төл перзенттері – Медеу Арынбаев, Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов, Мәдина Сәдуақасова бастаған әншілер атсалысып, төрелік етті.
Биылғы байқаудың тек қатысушылар үшін ғана емес, қазылар үшін де аса жауапты болғанын мамандар жасырмады. Өйткені эстрада аспанында жаңа жұлдыздың жағылып, жас орындаушының үлкен сахнадағы алғашқы қадамына төрелік айту – тарихи һәм жауапты қадам. Өздеріне жүктелген салмағы зіл батпан сенімді абыроймен алып шығуды көздеген сарапшылар барынша әділетті болу үшін де барын салыпты.
Сөйтіп, «Жас қанат» кубогының иесін анықтауға арналған гала-концертте ақтық мәрге жеткен 5 үміткердің арасынан үздік 3 жеңімпаз таңдалды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан өнерпаздар кәсіби орындау шеберлігі мен ұпай санына байланысты І, ІІ және ІІІ орынды өзара бөлісті. Байқау қорытындысы бойынша, қазылар алқасының бірауыздан қолдауымен «Жас қанаттың» бас жүлдесі – «Алтын қанат» кубогына Шымкент қаласынан келген жас дарын Дидар Әбдіхалық лайық деп танылды. «Күміс қанатты» елордалық Жанболат Ұзақбай еншілесе, көкшетаулық Әділ Балтабаев «Қола қанаттың» иегері атанды. Ал аз ғана ұпай санымен достарына жол берген Олжас Оспан (Семей) мен Ақерке Көпжасарова байқаудың дипломанты атанып, арнайы дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ, биылғы байқаудың бұрынғылардан тағы бір ерекшелігі – марапаттау рәсіміне конкурстан тыс тағы бірнеше арнайы аталым қосылыпты. Ол – «Жас Қанат сұлтанын» анықтау. «Мисс Қазақстан» байқауының жеңімпаз аруларының таңдауымен, Балқаш қаласынан келген «Хан» триосы үшінші вице-мистер атанса, Олжас Оспан мен Жанболат Ұзақбай бірінші және екінші вице-мистер атағын теңдей бөлісті. Ал арулардың негізгі таңдауы бірауыздан Дидар Әбдіхалыққа түсіп, жас талант байқаудың бас жүлдесімен қоса, «Мистер «Жас қанат» атаған да қатар еншіледі. «Жас Қанаттың» қатысушыларға ұсынған тосынсыйы мұнымен таусылмады. Жобаның ақпараттық серіктестері – «Астана» радиосы Жанболат Ұзақбайдың авторлық әніне бір жылға ротация сыйласа, байқаудың ең жас қатысушысы Ақерке Көпжасароваға ұлттық дәстүрді сақтағаны үшін «Хабар» агенттігі атанынан арнайы жүлде берілді. Ал Нұр–Сұлтан қаласы әкімі Бақыт Сұлтановтың арнайы жүлдесіне жартылай финалист Айым Имашева ие болды. Міне, осылайша әдемі нотада мәресіне жеткен байқау жас әншілерді өнер әлемінің жаңа бір белесіне шақырып, армандарына қанат байлағандай. Жарыс емес, достық салтанат құрған жоба қатысушылары қорытынды кешті көтеріңкі көңіл күйде «Жас қанаттың» әнұранымен тәмамдады.
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар