Спорт • 03 Маусым, 2019

Ауыр атлетикадан әлем біріншілігі басталды

1317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Фиджидің астанасы ¬– Сувада ауыр атлетикадан жас өрендер арасында әлем біріншілігі өтіп жатыр.

Ауыр атлетикадан әлем біріншілігі басталды

Қазірдің өзінде сегіз салмақ дәрежесі бойынша бәсекелер аяқталып, жүлделі орындардың иегерлері анықталды. Ұлдар арасында италиялық Сержио Массида (55 кило), түркиялық Канер Топтас (61 кило), өзбекстандық Адхамжон Ергашев (67 кило) және америкалық Кларенс Кумингс топ жарса, әйелдер сайысында Қытайдың қарқыны өте күшті. Аспан асты елінің үш бірдей зілтеміршісі алтын тұғырға көтерілсе, тағы бір бас жүлдені Вьетнам спортшысы олжалады.

Фиджи аралына Қазақстанның бес ауыр атлеті аттанды. Олар – Карина Құзғанбаева (81 кило), Дарья Ахмерова (87 кило), Евгений Ломанов (81 кило), Нұрғиса Әділетұлы (89 кило) және Артем Антропов (96 кило). Біздің спортшылар әлі жарыс жолына шыққан жоқ.