Спорт • 03 Маусым, 2019

Велоспорт: «Джиро д'Италия» додасы аяқталды

778 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 102 мәрте жалауы желбіреген велошабандоздар арасындағы ең белді жарыстардың бірі – «Джиро д'Италия» көпкүндігі аяқталды. Үш аптаға созылған бұл бәсеке Болоньядан бастау алып, Веронада өз мәресіне жетті.

Велоспорт: «Джиро д'Италия» додасы аяқталды

Апеннин түбегінде өткен жарыста Испанияның Movistar клубының серкесі Ричард Карапастың бақ жұлдызы жанды. Жалпы есептің жеңімпазы атанған оның есімі Гранд-турда топ жарған Эквадор елінің тұңғыш велошабандозы ретінде тарихта қалды. Оңтүстік Американың оғланынан небары бір минут және бес секунд қана қалып қойған Бахрейннің Bahrain Merida командасының саңлағы, италиялық Винченцо Нибали екінші орын иеленсе, Голландияның Jumbo-Visma клубының мүшесі словениялық Примож Роглич үшінші сатыға табан тіреді. Ол жеңімпаздан екі жарым минут артта қалды.

«Астананың» арландары арасында ең үздік көрсеткішке Мигель Анхель Лопес қол жеткізді. Колумбиялық спортшы жетінші орынға жайғасты. Сонымен қатар, 25 жастағы сайыпқыран «Джиро д'Италия» додасының ең үздік жас велошабандозына тиесілі «ақ жейдені» иеленді. Жалпы қазақстандық команданың сапында өнер көрсеткен өрендер осы жарыстың кезеңдік сайыстарында үш рет жеңіске жеткенін де айтқан жөн. Атап айтсақ, 7 мен 20 кезеңдерде Пельо Бильбао алдына жан салмаса, 15 кезеңде Дарио Катальдоға тең келер ешкім табылмады.  

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45