30 Сәуір, 2013

Тілге деген ықыласқа риза болдым

394 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тілге деген ықыласқа риза болдым

Сейсенбі, 30 сәуір 2013 2:21

Мен бү­гінгі сес­сия­ның ұра­нын­дағы «бір ха­лық – бір ел – бір тағдыр» де­генге «бір – тіл» дегенді де қосар едім. Мен біздің қазақ тілі қа­зақ­тардың ғана емес, барлық қа­зақстандықтардың ортақ қаты­­нас тіліне айналғанын қалаймын. Бүгін, міне, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында қазақ тілінің дамуына, қолданылуына байланыс­ты туысқан ұлттар өкілдерінің аузынан қаншама жылы лебіздер естіп, бір марқайып қалдым.

Сейсенбі, 30 сәуір 2013 2:21

Мен бү­гінгі сес­сия­ның ұра­нын­дағы «бір ха­лық – бір ел – бір тағдыр» де­генге «бір – тіл» дегенді де қосар едім. Мен біздің қазақ тілі қа­зақ­тардың ғана емес, барлық қа­зақстандықтардың ортақ қаты­­нас тіліне айналғанын қалаймын. Бүгін, міне, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында қазақ тілінің дамуына, қолданылуына байланыс­ты туысқан ұлттар өкілдерінің аузынан қаншама жылы лебіздер естіп, бір марқайып қалдым. Бүгін, Елбасы айтқан қазақ тілі барша қазақстандықтарды жақындастыратын факторға айналуы тиіс деген талабына жақындап келе жатқанымызға куә болғандай болып тұрмын. Қаншама этнос өкілдері өздерінің сөздерін қазақ тілінде бастап, тіпті таза сөйлеуге ықыласты екендіктерін көрсетіп жатты.  Осыған қарап, жоғарыдағы ұранға «бір – тіл» дегенді де қосатын кездің келгенін, қоғамның соған пісіп-жетілгенін көріп тұрғандаймын.

Оның үстіне Қазақстанның экономикасы көтерілді. Қазір аты барлық әлемге танылды. Еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің жағдайы жақсы, қазақтан артық болмаса кем емес. Бұдан артық не жағдай керек? Енді біздің баяғыдан бері айтып келе жатқан: Мемлекеттік тіл барлық қазақстандықтардың негізгі тілі болмай, елдің өсуі қиын дегеніміз орындалатын уақытқа жеттік қой деп ойлаймын.

Өмірзақ АЙТБАЕВ,

академик.