Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Алматы аулалары көркейіп келеді

1051 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әуезов ауданының аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды қаланың баспасөз қызметінен.

Алматы аулалары көркейіп келеді

Алматыда соңғы үш жыл ішінде 700 мыңға жуық қалалықтар тұратын 1487 аула жөнделді және абаттандырылды. Биылғы жылы қаланың көпқабатты үйлерінің 72% қамтитын тағы 638 ауланы реконструкциялау жоспарланған.

Жаңарған аулаларда жаңа балалар және спорт алаңдары, балалардың спортпен айналысуы үшін тренажерлер мен ойын кешендері пайда болуда. «Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша жарықтың жаңа діңгектері мен видеокамералар орнатылуда.

«Мен өзім осындай аулада өстім, алға қойған міндетім - қарапайым жандарға жақсы жағдай жасау. Екі жыл ішінде біз адамдардың көшеге шығуы, балалардың сыртта ойнауы, ересек жандардың өзара араласуы, қонаққа баруы үшін Алматының барлық аулаларын 100% жөндейміз. Сонда ғана менің аулам мен менің қалам екенін сезінуге болады. «Қала адамдар үшін» концепциясының басты мәні осында», деп атап өтті Бауыржан Байбек Ақсай-4 ықшам аудан тұрғындарымен кездесу барысында.

Биылғы жылы қаланың 14 ықшам аудандарында 456 көше салынуда және 140-тан астам көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаланың шет аймақтарындағы бірқатар парктер, скверлер мен жүргінші аймақтары абаттандырылады. Қала кеңістігінің қауіпсіздігі үшін 120-дан астам көшеге жаңа LED шамдары орнатылған.