Айтулы жарыстың тұсауы 2000 жылы кесілген еді. Сол кезден бері жер жаһанның ең үздік командалары 15 мәрте бас қосып, өзара бәсекеде бас жүлдені сарапқа салды. Сол дүбірлі доп додаларында Испанияның қос гранды – «Реал Мадрид» пен «Барселонаның» өзгелерден мысы басым болды. Корольдік клуб төрт мәрте теңдессіз деп танылса, католониялықтар үш рет қарсылас шыдатпады. Бразилияның «Коринтиансы» екі жарыста топ жарса, «Сан-Паулу» мен «Интернасьонал» (Бразилия), «Милан» мен «Интер» (Италия), «Манчестер Юнайтед» (Англия) және «Бавария» (Германия) клубтары бір-бір реттен дәл сондай құрметке бөленді.
ФИФА тарапынан бекітілген жаңа ереже бойынша 2021 жылдан бастап клубтық әлем чемпионатына қатысушы саны жетіден 24 командаға дейін көбейеді.