Спорт • 04 Маусым, 2019

Жеңіл атлетикадан Қытайда Гран-при турнирі өтуде

983 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан Гран-при додасы басталды. Екі бірдей кезеңнен тұратын жарыста Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.

Жеңіл атлетикадан Қытайда Гран-при турнирі өтуде

Ұлттық командамыздың бапкерлері Аспанасты еліне 14 спортшыны апаруды құп көрген екен. Солардың арасынан Ольга Сафронова (100 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета), Элина Михина (400 метрге жүгіру, 4х100 метрлік эстафета), Маргарита Мұқашева (800 метрге жүгіру) және Иван Иванов (ядро лақтыру) сынды Азия ойындары мен құрлық чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтарға зор сенім артылып отыр. Осы жарыста олар бас жүлдені олжалау үшін барын салуға тиіс.

Сондай-ақ, Михаил Литвин (400 метрге жүгіру), Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Александр Каспер (4х100 метрлік эстафета), Сергей Русак (4х100 метрлік эстафета),  Дамил Сүтжанов (4х100 метрлік эстафета), Римма Кашафутдинова (4х100 метрлік эстафета), Светлана Голендова (400 метрге жүгіру,  4х100 метрлік эстафета), Варвара Лисичкина (800 метрге жүгіру), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) және Әйгерім Шыназбекова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 4х100 мерлік эстафета) Қытайдағы додада ел намысын қорғауда.