Аймақтар • 05 Маусым, 2019

Ақтауда әлемдік көлік және логистика саласының сарапшылары бас қосты

1011 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында «Каспий порттары және кеме қозғалысы – 2019» деп аталатын халықаралық көрме мен конференция ұйымдастырылды.

Ақтауда әлемдік көлік және логистика саласының сарапшылары бас қосты

Конференция барысында шетелдік сарапшылар Каспий өңірінде көлік инфрақұрылымын пайдалану жағдайындағы жаһандық экономика мен өңірлік сауда сын-тегеуріндерді талқылады.

Инфрақұрылымды дамыту аясында елімізде 2,5 мың шақырым жаңа темір жол және 12,5 мың шақырым авто жол салынып, бұл Қытайдан Парсы шығанағы мен Еуропа елдеріне Ақтау порты арқылы жүктерді тасымалдау арқылы республиканың транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Бұл өз кезегінде Қазақстанға логистика саласындағы халықаралық қауымдастықтардың толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік берді. Каспий жағалауында жаңа порттар бой көтеріп, соңғы үлгідегі логистикалық орталықтар салынды. Нәтижесінде Қытайдан Парсы шығанағы мен Еуропа елдеріне, оның ішінде Қазақстан порттары арқылы жүктерді тасымалдау арқылы республиканың транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға жол ашады.

Шараға 30-ға жуық  шетелдік көлік және логистика компаниялары, 40 астам спикерлер қатысты. Ал көрмеде 300-ден астам теміржол, теңіз, көлік және логистика компаниялары, өңірдегі жетекші жүк жөнелтушілер, порт жабдықтары және қызмет көрсету мекемелерінің өкілдері өнімдерін ұсынып, мүмкіндіктерін таныстырды.