АХМЕТТІҢ АМАНАТЫ
Екі бөлімді драма
Кейіпкерлер:
Ахмет Байтұрсынов ұлт қайраткері
Бала Ахмет шамамен 8 жаста
Әлихан Бөкейханов ұлт қайраткері
Мағжан Жұмабаев ұлт қайраткері, ақын.
Ақтас Ахметтің ағасы
Байтұрсын Ахметтің әкесі
Бәдрисафа Ахмет Байтұрсыновтың жары
Шолпан Ахметтің қызы 10 жас шамасында
Жас жігіт Ахметтің түрмедегі серіктесі
Баймырза ауыл ақсақалы
Сабалақ Байтұрсынның інісі, күш иесі
2-Ақсақал
Тергеуші
Ояз
Судья
Милиция басшысы
Жендеттер
Ақсақал
Жас ұландар
Бірінші бөлім
ПРОЛОГ
Сахнада «Аққұм» әні баяу есіп тұрады. Ахмет пен Бадрисафа ханым екеуі бірі шаңырақ көтеріп, бірі уықтарды шаншып жатады. Аздан соң уық шаншылған соң Ахмет Бадрисафа ханымды құшақтап тұрады. Бұл Ахмет Бадрисафамен отбасын құрды, шаңырақ көтерді және Алаш үкіметінің шаңырағын көтерді деген мағынада. Сол кезде жалма-жан әскерилер кіріп келеді. Екеуін екі айырды,
Әскери: Ахмет Байтұрсынов сенсің бе?
Ахмет: Иә менмін. (куәлігін көрсетіп). Тұтқындаласың, тез киініп бізбен жүресің...
Бадрисафа: Аха, не жаздың, неге бұлай, бақытты шағымыз қайда қалды? Аха, кінәсізсің ғой, Аха...
Әскери: Сен қатын бақырып шақырма, кінәлі ма жоқ па оны түрмеге барған соң өзі айтатын болады. Ал, Байтұрсынов, тез бол!
Олар Ахметті қолына тез кісен салып, иықтарымен ұрғылап, жұлқылап кете барады.
Ахмет: Бадрисафа ханым, сабырлы бол, ақырын күтейік, көз жасыңды жендетке көрсетпе, жаным.
Әскерилер Ахметті алып кетеді. Бадрисафа жылап артынан жүгіріп қалып қояды.
Бірінші сурет
Түрме сырты. Қоршау.Боран уілі. Қарлы дала. Бадрисафа қолына қызын жетелеп түрме қақпасының есігін қағып тұр.
Бадрисафа: (қақпаны ұрғылап) Қарауыл, ашшы есікті, ең болмаса күйеуіме мына киімді берейін. Өтінем. Ашшы, қарауыл. Ахаң қызын көрсінші!
Ашшы, қарауыл, есікті, өтінеміз.
Қарауыл: (қақпаның ар жағынан) Кет дедім ғой, саған, ақымақ. Халық жауының әйелісің. Енді болмаса атып тастаймын. Күйеуіңнен бұрын сен өлесің. Атып тастасам саған сұрау жоқ. (қарқылдап күледі)
Бадрисафа: Мен аяулы Ахаңмен бірге өлуге бармын. Ахаңнан жаным артық емес. (Қақпаға сүйеніп отырып, бүк түсіп жылайды)
Шолпан: (жұбатып) Шеше тұрыңызшы, әкем аман-есен ғой, біз қалай да кіруіміз керек қой. Әкемді сағындым мен де... (жылайды)
Бадрисафа түрегеліп, қақпаны ұрғылай түседі.
Қарауыл: Мен саған кет дедім ғой, енді кетпесең мен сені итке талатам.
Бадрисафа: Қандай жауыз болсаң да қорықпаймын. Мен аяулы Ахаңды көрмей кетпеймін.
(Ұрғылай береді)
Ахаң жеңіл киініп кеткен, мен жылы киім беруім керек еді, өтінем ашшы, есікті.
Қарауыл: Мен кет дедім ғой, саған, енді кетпесең атамын. Итке талатам, кет. Мазамды алма.
Бадрисафа: Кетпеймін.
Қарауыл: Онда саған қазір көрсетем.
Кенет қақпа ашылып, Бадрисафаны қақпаға сүйреп кіргізіп итті арсылдатып талатып жатқаны естіліп тұрады, Бадрисафаның айғайы жылағаны естіледі. Аздан соң Киімі жыртылып, беті-ауыз, қолы қанға боялған Бадрисафаны әскерилер қақпадан шығарып тастайды.
Қарауыл: (қарқылдап күліп) Ал киім бер енді, халық жауына міне, өз киімің жыртылды. Енді кетпесең сені мына аш ит жеп қояды. Тез кет. Итке жем боласын.
Шолпан Бадрисафаны сүйемелдеп тұрғызады да, үсті-басының қарын қаға бастайды, киімі жыртылып, қолынан қан шыққан.
Шолпан: (жылап) Шеше жүрші, кетейік, әкеме сосын келеміз ғой, ит талап тастады сені, қан ағып тұр ғой. Киімің де жыртылды.
Бадрисафа: (қарауылға) жауыз, сен анадан емес иттен туған екенсің. Қалай дәтің барды, анамын ғой, итке талатуға.
Қарауыл: (күліп) Сен халық жауысың. Сені өлтіріп тастаса да обал жоқ. Қарқылдап күліп, сендерге сол керек. Ұлы Сталин жолдас солай деген. Күйеуіңе жылы киім не керек, бәрібір атылатын адам, тоңды не, тоңбады не, бәрібір. Ал енді кетіңдер енді болмаса қызыңды итке талатам.
Бадрисафа: Уа, Құдай жазаңды берсін, жауыз. Қызымда нең бар еді...
(Екі қолын көке жайып) Уа, Құдай, бітетін күні бар ма еді, мына азаптың, Ахаң халқым дегеннен басқа не жазып еді, бұл неткен қатыгездік еді, уа, Құдай?!
(жылайды)
Екінші сурет
Тергеушінің кабинеті. Сұрғылт. Сығырайған терезе.
Стол басында тергеуші отыр, қарсы алдында Ахмет түрегеп тұр. Қолы кісендеулі, әбден қалжыраған. Шаршаулы, Беті аузы көгеріп ісіп кеткен.
Тергеуші қолында парақ қағазы бар, Ахметке тепсініп тұр.
Тергеуші: Халық жауы Ахмет Байтұрсынов сен бәрібір Кеңес үкімеіне қарсы болған себепті айтқан жоқсың. Бұл жауап жеткіліксіз.
Ахмет: Мен халқыма ешқашан қарсы болған емеспін.
Тергеуші:(жазып) Алаш үкіметінен соң жасырын пиғылмен Кеңес үкіметіне қарсы шетелмен байланыс жасағаныңды растайсың ба?
Ахмет: Мен ешқашан шетелмен байланыс жасаған емеспін.
Егер ұлтым үшін байланыс жасау керек болса қашпас едім.
Тергеуші: (асығыс жазып) Міне, бұл үлкен факт! Демек, Кеңес үкіметін ішінен ірітуді ойлағаның рас қой. Мысалы қазақтардың рухын ояту арқылы, ұлттар достығына сына қаққың келгенін растайсың ғой.
Ахмет: Мен қаншама рет айтам, тергеуші мырза; мен ұлттар достығына сына қағуды ойлаған емеспін. Маған барлық ұлт бірдей. Себебі мен оқыған, көрген адаммын.
Тергеуші: Мен мырза емеспін. Тергеуші жолдас деңіз. Мырза деген байларды жақтайтын сендерге айтылатын сөз.
Ахмет: Сен бәрібір мырза бола алмайсын, тергеуші.
Тергеуші: Бос сөзді қой, Байтұрсынов, жаныңды қинамай Кеңес мемлекетіне қарсы жасаған қылмысыңды ашық мойындап, қолыңды қойып, Ұлы Сталин жолдастан кешірім сұрасаң, жаның қалар бәлкім.
Ахмет: күнәсіз болсам, қайтем. Мен ешкімнен кешірім сұрамаймын.
Тергеуші: Кешірім сұрамасаң атыласың!
Кеңес үкіметін кім сатқысы келсе, кім оған қарсы келсе кім халықтың жауы болса, ол жойылуы тиіс.
Айтпақшы Байтұрсынов, саған кеше кім келді, білесің бе?
Ахмет: Мен халық жауы емеспін. Иа, білмедім, кім келді?. Мағжан ба?
Тергеуші: Мағжан? Жұмабаев па? Ол түрмеде. (сұқ сауасағын көрсетіп) ол да түрмеде. Сен Жұмабаев өзімді құтқарып алады деп жүрсіңбе?
(күліп) ол да құтқаруға мұқтаж. Ол да...мүмкін екеуіңді беттестіру керек шығар.
Ахмет: (басын шайқап) қайран Мағжан, замана дауылы сені қайдан айланып өтсін. (ойланып қалады)
Ал кім келді?
Тергеуші: Байтұрсынов қылмысыңды мойында, әйеліңді, қызыңды ойла. Олар кеше келген. Қарауыл кіргізбеген. Сосын қарсыласқан. Қақпаны ұрған. Мемлекетке, ұлы Сталин жолдасқа тіл тигізген.
Ахмет: Бадрисафа, Шолпан, қызым....
Тергеуші: (күліп) сосын қарауыл не істеген.
Қарауыл оларды күзет итімен қуған. Ит әйеліңнің санын тістеп алыпты (қарқылдап күліп) міне, халық жаулары сөйтуі тиіс.
Ахмет: (қатуланып) Бадрисафа, жарым. Неге келдің екен. Бұлар қайдан кіргізсін сені. Итке талатып, қорлаған екен.
Тергеуші: Байтұрсынов сен сұмдық қатты, берік адамсың, жаным ашып айтайын, сен қылмысты мойында, отбасыңды ойла. Сталин жолдастан кешірім сұра.
Ахмет: Мен қылмыскер емеспін. Шындық түбі жеңеді, тіпті мен өлген соң бір ашылар. Ал саған құдай мен кешкен зауалды берсін. Менің орныма ертең сен отырасың.
Тергеуші: Ақымақ, халық жауы не дейсің, (келіп Ахметті жағасынан сілкіп, бетінен ұрып жібереді, ішінен ұра бастайды)
Сәлден соң тергеуші ентігіп тоқтайды.
Ахмет: Еңкейіп қалған еңсесін тіктеп, рас айтам, маған жасағанды сен өзің көресің, әлі, ал сенің қолыңнан ұрғаннан басқа не келсін. Мен ұлтыма қызмет еткем. Бұдан бұрын патшаның түрмесінде де Сталиннің түрмесінде айдауда болдым, сібірде түрмеде азап шектім, бірақ қазағым дегеннен қайтқан емеспін.
Тергеуші: (столды ұрып) Қарауыл (айқайлайды)
(Қарауыл кіріп келеді)
Тергеуші: (қарауылға) тұтқын Байтұрсыновқа кешкі ас берілмесін. Таза ауаға шығарылмасын. Ертең күндіз ең суық камераға қамалсын. Апар
(Ахметті қарауыл жұлқылап, алып кетеді)
Тергеуші: (терезеден көз тастап) Ахмет, мойындасаң да, мойындамасаң да атылатындығыңды білмейсің бе, айтпақшы актге қол қойдыруым керек, есеп беретін кез таяп қалыпты. Дегенмен қайсар бұл Алаштықтар, сындырам әлі, сені, сындырам, сағыңды (ызаланып)
Үшінші сурет
Екі адамдық тар камера. Ортасында нашар стол. Стол басында Ахмет отыр. Жанында жас тұтқын. Бет аузы ісіп кеткен. Ахмет бүйрегін таянып отыр.
Жас жігіт: Аха сізге бүгінде тиісті ме?. Қандай заманға тап болық екен.
Ахмет: Маған тиіскендері, жұдырықтары ауыртпайды. Менің жаным ауырады. Қазағымның бұдан былайғы халіне ауырам. Әйтпесе таяқ деген не тәйірі.
Қазағым, Алашым, халің не болар екен. Мағжанда қамалды деді. Қайран от тілді Мағжаным, абақтының азабына қалай төзіп отыр екенсің.
(үнсіздік)
Ахмет: (күрсініп) көнеміз, түбі, біз аңсаған еркіндік пен азаттықтың қазаққа келетіні анық, мен соған сенем.
Жас жігіт: (бүктеліп отырып) іші бауырымды үзіп жіберді, Аха, бүгін бір тергеуші, иттей тепкіледі, сондағы сұрайтыны біреу, Кеңес үкіметін құлатқым келді, жасырын ауыз жаластым деп айт дейді,
Ал мен айтам, мен жалғыз өзім қалай алып мемлекетті құлатам, сауат қайда десем, оңбағандар ішіме тепкілеп, өлердей соқты.
Ахмет: Балам, жасыма. Азат күн келер, ақ пен қараны ақтап алар, ұрпақ.
Жас жігіт: Мен өлсем де сіздер қалсаңыздар ғой, Аха, ұлтымыз жетім қалатын болды.
Ахмет: Талай көсем келер әлі, өмірге, балам жасыма.
Сен болашақсың. Алдымыз жарқын.
Жас жігіт: Аха, құрығыр мына ауыру басылсын, өткенде бала кезіңізден хикая айтып берем деп едіңіз, соны бастаңызшы, мына азапты күн сәт болса да ұмытылысын.
Ахмет: Жарайды бауырым, бұл оқиға бала кезімде болып еді. Бала кезімнен әділетсіздікпен бетпе бет кездесіп келем. Ол патшаның озбырлығы мен атам Байтұрсынның көрген қорлығы еді. Айтып берейін.
Жас жігіт: тыңдайық, Аха
Мен ол кезде 6-7 жас шамасында едім. Тусымыз Ақтас болыс сайлауына түсетін болып, жиынға атам Байтұрсын мені де ертіп барғаны есімде.
Төртінші сурет
Жаз жайлауы. Жасыл дала төсінде мәжіліс өтіп жатқанын көруге болады. Экранда тігілген киіз үйлер мен онда жүрген қазақтармен патша әскерін көруге болады.
Бір топ адам алқақотан жайғасып отыр. Орталарында қымыз құйылған тегене.
Ортасында Байтұрсын, оң жағында Ақтас, Байтұрсынның тізесіне жантайып 6-7 жасар ұл бала Ахмет отырады. Олардың қасында ауылдың бірнеше ақсақалдары отыр. Қызу әңгіме.
Баймырза ақсақал: (Байтұрсыға қарап) Байтұрсын сен Ахметті ертіп келгенсің бе?
(басын ан сипайды)
Байтұрсын: иа, Бәке осы жолы Ахметті әдейі ертіп келдім. Ел танып, жер көрсін дедім.
2-ақсақал: мен білсем осы Ахмет көресіңдер көсем болады.
Отырғандар дуілдеп қостай жөнеледі.
Дауыстар: оу,-жарайсыз,
-Айтқаның келсін.
-Бәрекелді.
-Рас түрі айтып тұр ғой.
Ақтас: Болар бала жасынан белгілі, түбі Ахмет топты жарады.
Байтұрсын: оу ағайын, аумин, дегенмен келе жатқан заман қиын, Ахметтің өз заманы бар, бұның заманы қандай болатындығын кім білсін.
Ақсақал: Рас ұстараның жүзіндей аударылған дүние ғой. Сонымен ал Ақтас болыстықа шарға түссе оған ояз қарсы болмай ма, деген сауал тұр ғой, мұнда.
Ақтас: ояз қарсы болса да болмаса өзімізді өзіміз басқаратын болғандықтан түсейін деп отырмын. Оязға пара берсең ғана жағасың ғой.
2-Ақсақал: ру ауылнайлары біздің түгел шарын саған салатын болып келісті.
Ақтас: Бұл оязда қу ғой, алдын ала жемсауын толтырып, пара алып алады да, соны өтеу үшін, бұрынғы болысты өткізеді.
Алыстан ентігіп, Сабалақ келеді.
Сабалақ: Көке, Ақтас аға, мен естідім ояз сізді шарға түсірмейді дейді, мен анау жылмың қаққан ояздың атшабарынан естідім жаңа.
Ақтас: Не үшін дейді?.
Сабалақ: Ояз айтыпты, анау болыс болатын Баймырзаға сенен басқа бұл болыстықта шарға түсетін адам жоқ, егер басқа біреу болса ол шарға түсе алмайды депті.
Байтұрсын: онысы несі. Расымен де солай болса не істейміз?
Ақтас: Олай бола қоймас. Ауылнайлар өздері қалаған адамдарына шар салатын еркі бар емес пе.
2-Ақсақал: байыппен ойланайық.Расымен де шарға түсірмей қойса не істейміз.
Сабалақ: (қызуланып) ол не деген сөз. Әкеңнің, ... қазақ өз жерінде отырып, өзі шарға түсе алмаса ең қорлық сол емес пе?.
2-Ақсақал: Рас бұл қазақты басыну ғой,
Байтұрсын: Ояз пара жеп алған соң солай дейді,
Баймырза: Оязға көнбеу керек.
2-Ақсақал: Оязды жөнге салу керек. Көптің пікірін тыңдауы керек.
Сабалақ: Алдымен тыңдаймыз. Ояз не дер екен?
Дауыстар: иа тыңдаймыз, Сосын не дейді екен. Көреміз.
Сабалақ: Болмаса ояздың қолында өлеміз.
Ақтас: оязды жою керек. Дегенмен сабыр қылайық, алдымен.
Байтұрсын: Бұл ояздың өзі қазақтың парасына тойып алған ғой, біздің сөзді сөйлейді деу қиын.
Байтұрсын: (нұсқап) мына келе жатқан ояз емес пе.
Ақтас: Сол ғой, дала да не ғып жүр бұл?
Ақсақал: жақындасын, талабымызды айтайық.
Ояз бір тобымен жақындап келіп қалады. Отырғандар ға келеді.
Ояз: ау, қазақтар не істеп отырсыңдар, ана жақта қазір сайлау өтеді, өз болыстарыңа шар салыңдар. Ауылнайлар бар ма, мұнда барсын солай.
Байтұрсын: Ояз мырза бізде мынандай ұсыныс бар.
Ояз: Ол не ұсыныс?
Байтұрсын: Біздің ауылнайлар мына Ақтас біздің кандидат. Ақтасты болыстыққа тіркеуіңізді өтінеміз.
Ояз: Ол болмайды, қазақтар.
Байтұрсын: Неге болмайды, себебін айтшы?
Ояз: Болмайтындығы сол. Қарсы келмеңдер.
Тіркелетін кандидат ауыл билерінен ерте айтылуы керек. Және оны ояз бұрын қолдаған болуы керек. Ал сендерде ол жоқ. Вот киргиздар!
Сабалақ: Ай ояз, ояз болсаңда, аяз болсаңда байқап сөйле, егер тіркемесең, шарға түсірмесең мына асау аттың құйрығына байлап жіберем сені. Дала
заңын білесің ғой.
Байтұрсын: Сабалақ, ояз мырзаны ашуландырмайық. Жайлап сөйлесейік.
Ояз: Егер сен бунт шығарсаң атыласың,
Ақтас: Патша заңы бойынша кімде кім шарға түсуге құқылы емес пе?
Ояз: Бұл жерде патша заңын жүзеге асыратын мен.
Сабалақ: Бұл немені құтыртпайық, аптығын басайық.Көрсін, жердің иесі кім екенін.
Ақтас: бұл ит бізді басынып тұр, енді шарға түсіп те, опа таппаймыз.
Ояз: Сен онысызда шарға түсе алмайсың.
Сабалақ: (қамшысын білеп) әй иттің баласы, мынау қазақ жері, сенің әкеңнің төрі ме еді, көрсетейін мен саған. Жуындыға семірген доңыз!
Ол қамышысн алып тұра жүгіреді, апыр-топыр ұрыс басталып кетеді Сабалақ келген бойда оязды қамшымен басынан тартып-тартып жібереді, ояздың жанындағы әскерлер арашаға келуге қорқып, аспанға мылтық атады. Сабалақ оязды жағасынан сүйреп, пагонын жұлып, жерге жығып алып, тепкілей бастайды.
Әскерлер келіп, аспанға мылтық атып,арашалайды.
Ояз бет ауыз қан-қан болып түрегеліп, әскерлерге Сабалақ пен Ақтасты ұсауға әмір етеді, алайда жігіттер қарсылық көрсетіп, жанжал болады.
Бір топ әскер бірлесіп, Ақтас пен Байтұрсынды ұстап алады.
Байтұрсын ұсталып жатып, Сабалаққа Сен құтылуың керек, тез қаш деп белгі береді, Сабалақ қашып кетеді, ол ұсталмайды.
Ақтас пен Байтұрсын патша әскерлері байлап тастайды.
Әскерлер олардың маңына ешкімді жолатпайды.
Патша әскері: Болыс сайлауында бүлік шығрған мына екеуі абақтыға қамалады. Ал кімде кім жаңағы жанжалға қатысқан болса олар да қамалады. Сондықтан тыныштықты сақтау үшін тезірек тарау керек. Ескертемін. Болыс сайлауы кейінге қалды, сондықтан, тез тараңдар, киргиздар.
Жиынға келгендер: Не дейді,
-Оу ағайын, әскер мырза бұл теріс қой,
-Байтұрсын мен Ақтаста не кінә бар?
-Бүйте барсаң мына патшаң адам қалдыра ма, өзі?
Патша әскері: Бұлар тәртіпсізік жасағаны үшін, тұтқындалды.
Байтұрсын: Уа жұртым, сендер ауылға қайтыңдар. Бізді ақ қарасын тексерген соң тергеп қоя берер.
Баймырза: Ауылға не деп барамыз енді
Байтұрсын: Елге сәлем айтыңдар
Ақтас: Сабалақ қолға түспесін. Байқап жүрсін. Елге мән жайды айтыңдар.
Бәрінен де мыналардың қорлығы өтті.
2-Ақсақал: Ерлер, сабыр қылыңдар. Бір мәнісі болар. Мына кішкентай Ахметті біз ертіп кетейік.
Ахмет: Әке, сендер тез шығыңдаршы. Бұл неткен жауыздық!
Байтұрсын: Ахмет, ұлым сен әлі ер жетесің, ақ қарасын айырарсың.
Шешеңе қамқор бол.
Әскер: Көп сөзді қойыңдар, Кетеміз!
әскерге әмір етіп
жүреміз, қозғалайық,мына екі тұтқын киргизді Оренбургкке алып жүреміз
Әскерлер қоршап, екі тұтқынды алып жүреді.
Ақтас: жазықсыз кетіп барамыз, қош елім.
Жарық өшеді
Жарық жанғанда камерада Ахмет пен тұтқын жігіт әңгімелесіп отырады.
Ахмет: міне, осылай болып еді,
Мен жас болсамда халқымның бодан екендігін аса дәрменсіз екендігін сонда түсінген болатынмын.
Жас жігіт: бұл да бір үлкен тарих екен. Сосын Байтұрсын мен Ақтас елге оралды ма.
Ахмет: олар бес алты жылдан соң оралады. Олар қазақ даласына келгенде Алматы маңыдағы ұлы жүз елі құрметтеп күтіп алыпты. Сол жерде біраз тынығып, асықпай ауыл аралап, елге оралды.
Алайда түрменің қаталдығынан олар келген соң араға аз жыл салып дүние салды. Сосын Ақтас ағамның жары Үбіжан анамызда Сібірге бірге жер аударылған болатын. Ол кісі мен күйеумінен қалмаймын деп бірге кетсе керек. Қайран қазақ әйелі! Кейін дүние салып, сол Сібірде қалды.
Жас жігіт: аянышты тарих екен. (ойланып)
Қазақ қашан еркін болар екен.
Ахмет: Біз армандаған асыл күнді сендер келер ұрпақ көресіңдер. Түбі азат ел болады, Алаш! Мен оған сенем.
(Жалғасы бар)