Аймақтар • 06 Маусым, 2019

Алматыда Рысқұлов - Құлжа трактінде заманауи жол ашылды

1179 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаланың батыс бағытына қарай эстакада бойымен жүретін көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды Баспасөз қызметінен. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тракті қиылысындағы жаңа екі деңгейлі жолайрығы ашылуына қатысып, құрылыс барысымен танысты.

Алматыда Рысқұлов - Құлжа трактінде заманауи жол ашылды

Орталықты халықаралық әуежаймен және қалаға жақын орналасқан елді мекендермені байланыстыратын жол торабында көлік қозғалыс қозғалысы жүргізушілердің қолайсыздық туғызып келген-ді. Ендігі кезекте кіші көлік айналымының маңызды бөлігі болып табылатын жолайрығы іске қосылған кезде учаскедегі көлік қозғалысы орташа есеппен алғанда 15 пайызға артатындығын айтады мамандар.

«Біз көлік инфрақұрылымын дамытудамыз, оның ішінде жүргізушілерге де жақсы жағдай жасаудамыз. Алматыға өзінің соңғы жұмыс сапары кезінде Мемлекет басшысы үкіметке қажетті қаржы бөлуді тапсырған еді. Қазіргі кезде қалада метроның екі бекетінің, екі көлік жолайрығының құрылыстары, Абай даңғылы мен Сайын көшесін ұңғу жұмыстары жүргізілуде. Биыл Құлжа тракті мен Бұхтырма көшесі бойындағы айналымда эстакада мен тоннелі бар тағы бір жолайрығының құрылысы басталады. Бұл қалалықтардың мобилділігін күшейтеді, бизнес-кедергілерді азайтады, осы бағыттағы көлік кептелісін төмендетеді және қаланың экологиялық жүктемесін жақсартады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Жаңадан іске қосылған екі деңгейлі жолайрығы қауіпсіздік пен сеймикалықтың жоғары стандарттарға сай. Құрылыс барысында алматылық өндірушілер шығарған 100 мың текше метрден астам бетон мен металлоконструкциялар пайдаланылды. Төрт жүздей  жұмыс орны құрылып, бюджетке салық түрінде 4 млрд. теңге түскен.

Қазіргі кезде инженерлік желілерді іске қосу мен көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.