Қостанай қаласындағы физика-матетематика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Дана Қылышпаева Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездескен.
Фин Президентімен жеке кездесу және әңгімелесу климаттың өзгеруі бойынша оқушылардың әлемдік саммитінің арқасында мүмкін болған. Дана форумға қатысушылар арасындағы арнайы байқауда жеңіске жеткеннен кейін оған саммиттің Бас Хатшылығында Азия елдерін таныстыруға сенім артылды. Саули Ниинистёмен климаттың өзгеруіне қарсы күрес шаралары, жаңартылатын энергия мәселелері, пластикті жинау және өңдеу мәселелері талқыланды. Президент жастарға олардың белсенділігі үшін алғыс айтып, алға жылжуға шақырды.
Халықаралық саммит Финляндияда барлық континенттердің 70 мемлекетінен 135 оқушы мен 100 оқытушының басын қосты. 14-17 жас аралығындағы оқушылар өз елдерінің тәжірибесімен бөлісіп, климаттық мәселелерді шешуді талқылады. Сондай-ақ Хельсинки мэриясында саммитке қатысушылар климат бойынша оқушылардың халықаралық келісімін қабылдады.
Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы мектептің ең талапты оқушыларының бірі және «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» ІХ Наурыз кездесулерінің жеңімпазы Әлнұр Акчурин де жаһандық кездесуге қатысты. Ол Дана Қылышпаевамен бірге Қазақстандағы климаттың өзгеруі жөніндегі жобаны ұсынды.
Айта кетейік, іс-шара World Summit of Students for Climate ENO Schoolnet компаниясы Йоэнсу және Хельсинки қалалары әкімшіліктерінің, Финляндияның Қоршаған орта министрлігінің, Орман шаруашылығы және агромәдениет министрлігінің, Білім және сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған.