07 Ақпан, 2013

Ахмадинежадқа шабуыл жасамақ болды

286 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ахмадинежадқа шабуыл жасамақ болды

Бейсенбі, 7 ақпан 2013 7:39

Иран президенті Махмуд Ахмадинежадқа өткен сейсенбі күні Каирде шабуыл жасамаққа талпыныс болған. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Египеттің қауіпсіздік күштері Сирияның азаматы болып табылатын жас жігітті ол Египет астанасындағы Әл-Хусейн мешітінен шыға берген Иран лидеріне шабуыл жасамақ болған жерінде қолға түсірген. Осылайша шабуыл жасаушы қамауға алынды. Иран президенті арада отыз төрт жыл өткенде алғаш рет Египетке келген болатын. Ислам Республикасының басшысы Иранда төңкеріс болып, Каир Иерусалиммен бейбіт келісімге қол қойғаннан кейін елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар тоқтаған.

 

Бейсенбі, 7 ақпан 2013 7:39

Иран президенті Махмуд Ахмадинежадқа өткен сейсенбі күні Каирде шабуыл жасамаққа талпыныс болған. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Египеттің қауіпсіздік күштері Сирияның азаматы болып табылатын жас жігітті ол Египет астанасындағы Әл-Хусейн мешітінен шыға берген Иран лидеріне шабуыл жасамақ болған жерінде қолға түсірген. Осылайша шабуыл жасаушы қамауға алынды. Иран президенті арада отыз төрт жыл өткенде алғаш рет Египетке келген болатын. Ислам Республикасының басшысы Иранда төңкеріс болып, Каир Иерусалиммен бейбіт келісімге қол қойғаннан кейін елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар тоқтаған.

Күйрете соққы жасайтынын мәлімдеді
Пхеньян Вашингтон мен Сеулдің ушықтыру әрекеттеріне «күйретуші және олар күтпеген соққымен жауап береді, империалистерге ешқандай кешірім жасалмайды». Бұл туралы ЦТАК ақпарат агенттігі мәлімдеген.
КХДР өзінің әскери әлеуетін, оның ішінде ядролық әлеуетін де күшейте түспек ниетте. Ресми Пхеньянның пікірінше, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Кореяға қатысты санкциялар пакетін ұлғайтқан соңғы қарары елдің ғарыш кеңістігін зерттеу құқығына нұқсан келтіреді. Ал КХДР-дағы жаңа ядролық сынақтар туралы жаңалық Корея Республикасының президенті Пак Кэн Хенің шынайы алаңдаушылығын туғызып отыр.

Туристік автобусты жарып жібергендер кімдер?
Болгарияда израильдік туристер отырған автобус­ты жарып жіберуге қатысқан терроршылардың қатарында Канада мен Австралия азаматтары болған көрінеді.
Жарылысқа канадалық азаматтың қатыстылығы туралы ақпаратты осы ел өкіметі ресми түрде растады. Канаданың сыртқы істер министрі Джон Бэрд Болгарияның Бургас қаласындағы әуежайда туристік автобусты жарып жіберуге Канаданың және Ливанның қос бірдей азаматтығын алған терроршының қатысы бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, әзірге қылмыскерді ұстаудың сәті түспеген көрінеді. Ал Хизболла террорлық тобының аталған жарылысқа қатысы бар екендігі туралы бұған дейін де хабарланған болатын.

Бюджет қысқартуды кейінге қалдыруды ұсынды
АҚШ президенті Барак Обама бұрнағы күні конгрес­ке 1 наурызға белгіленген ел бюджетін қысқарту мерзімін неғұрлым кешірек мерзімге көшіру жөнінде қысқа мерзімді жоспар қабылдауды ұсынды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, 2013 жылдың 1 наурызына дейін бюджеттің кең ауқымды жобасын дайындаудың орайы келмейді, сондықтан алдағы айдан бастап бюджет шығындарының 85 млрд. долларға қысқаруының алдын алу үшін уақытша шаралар қабылдау қажет. Сонымен бірге, АҚШ президентінің 4 ақпанда 19 мамырға дейін мемлекеттік борыштың шектеулі деңгейін арттыруға деген қажеттілікті болдырмайтын заңға қол қойғанын да айта кету қажет.

Француздар Малиден кетпек
Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус француз әскерлерінің Малиден алдағы наурыз айында-ақ шығарыла бастайтынын мәлімдеді.
Париждің жоспары бойынша, қарулы қақтығыстардың реттелуін қамтамасыз ету үшін  Малидегі француз әскерін көрші мемлекеттерден келетін африкалық әскерилер алмастыруы тиіс. Егер бәрі жоспардағыдай жүретін болса, наурыз айынан бастап біздің әскерлердің саны азая түсетін болады, деп атап көрсеткен Франция сыртқы істер министрі. Мұндай мәлімдеме Малидің солтүстігіндегі соңғы ірі қала – Кидаль алынғаннан кейін жасалып отыр.

Министр докторлық дәрежесінен айырылмақ
Германияның білім министрі Аннетта Шаван плагиаттық туралы оған тағылған айыптаулар тергеліп біткеннен кейін ғылыми дәрежесінен айырылатын болады.
Дюссельдорф университеті философия факультетінің кеңесі оның диссертациясында қасақана жасалған плагиат бар деген шешім қабылдап отыр. Бұл мәселе оның болашақта білім министрі лауазымында қалу мәселесіне де үлкен қауіп төндірмек. А.Шаван болса, факультет шешіміне келіспейтінін білдіріп, апелляция бермек ниеті бар екенін хабарлаған. Оның бір ай мерзім ішінде талап-арыз беруге құқы бар.

Жалпы түрік тарихын жасау жолындағы талпыныс
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Тарих институтының директоры, парламент депутаты Ягуб Махмудов Бакуде барлық түркітілдес елдер тарихшыларын қатыстыра отырып, халықаралық конференция өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Ол форумның мақсаты – түркі халықтарының ортақ тарихын жасау жұмыстарын жеделдету. Махмудов бұл мәселенің Әзербайжан мен Түркия басшылары арасында талқыланғанын атап көрсеткен. Оның айтуынша, екі ел зерттеушілері жалпы түрік тарихының ортақ жоспарын жасау жолында жұмыстар жүргізуде, ал Әзербайжанның орта мектептерінде бүкіл түркі империяларының тарихы оқытылады.

Арал тұрғындарына цунами қатер төндірді
Соломон аралдарында жер сілкінісі цунами туындатты. Үш деревня қираған, қаза тапқандар да бар көрінеді.
Сегіз баллдық жер сілкінісі Соломон аралдары тобына кіретін Нендо аралы ауданында орын алған. Зілзала ошағы бес километр тереңдікте болған. Соломон аралдарына жеткен толқынның биіктігі 91 сантиметрді құрап, Лата әуежайының аумағын басып қалған. АҚШ-тың геологиялық қызметі цунами қаупі туралы хабарлап, жақын жатқан елді мекендер тұрғындары өзге жерлерге көшірілген. Биіктігі 1 метр болатын толқын қаупі туралы ескертулер жасалуда.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.