Аймақтар • 11 Маусым, 2019

Атырауда «Жасыл ел» жасағының жұмысы басталды

701 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жасыл ел» жасағының жұмыс маусымы басталды. Биыл Атырау облысында 16 мен 29 жас аралығындағы 2200 адам жасақ құрамында еңбек етеді.

Атырауда «Жасыл ел» жасағының жұмысы басталды

Алғашқы кезеңде 652 жас жұмысқа кірісті.  «Олар негізінен елдімекендерді абаттандырумен, жасыл желектерге күтім жасаумен айналысады. Құрылыс саласында да жұмыстар бар», - дейді жасақ басшысы Абылай Құрметұлы.

Студенттер мен жоғары сынып оқушыларына жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, табыс табуға мүмкіндік беретін жобаға қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Бір айлық еңбекақы – 48 мың теңге. Ал құрылыс саласында жұмыс істегендер қосымша 10 мың теңге алады, оны жұмыс берушілер төлейді. Алдыңғы жылдары атыраулық жастар «Жасыл ел» жобасы аясында елдімекендерді көгалдандыру, абаттандырумен қатар археологиялық қазба жұмыстарына да қатысқан болатын. Педагогикалық бағытта жастарды жұмысқа тарту да жақсы нәтижесін көрсетті. Еңбекке араласып, тәжірибе жинап әрі жалақы алатын жоба жастар тарапынан қызығушылыққа ие.


Атырау