Әуесқой боксты дамытып, насихаттауды мақсат еткен дәстүрлі дода биыл 11-рет ұйымдастырылды. Еліміздің 11 өңірінен және Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінен келген 100-ге жуық былғары қолғап шебері бес күн бойы жарыс көрігін қыздырды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы 9 алтын, 7 күміс, 10 қола медальға ие болды. Атыраулық үш боксшы - Садай Фарзалиев, Олжас Байниязов, Райс Нұрқанат жоғары нәтижеге қол жеткізіп, алтыннан алқа тақты.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов: «Қанша ғасыр өтсе де, қазақ батырларының ерліктері ұрпақ жадынан өшпейді. Жыл сайын бұл жарыстың ауқымын кеңейтіп, әділ және жоғары деңгейде өткізуге тырысамыз. Жастарды спортқа баулып, отансүйгіштікке тәрбиелейтін мұндай шаралардың маңызы зор», - дейді.
Атырау