Аймақтар • 12 Маусым, 2019

Бекіре балықтарының «төлқұжаттары» бар

832 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бекіре тұқымдас балық өсіретін шаруашылықтар өнімдерінің заңды екенін растау үшін генетикалық сараптама мен төлқұжаттандыруды жүргізулері тиіс.

Бекіре балықтарының «төлқұжаттары» бар

Елімізде бұл жұмыспен Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерт­теу институты айналысады. Бағалы балықтардың миграциялық жолдарын зерттеуді, табиғи және жасанды популяция деңгейін анықтауды мақсат еткен іс-шара биыл да жалғасын тапты.

– Әр ұсталған тұқым беруші ба­лыққа және жас балыққа мамандар генетикалық төлқұжат жасайды. Арнайы таңба нөмірі бойынша балықтың қайдан келгені, «ата-анасы», қай зауыттан шыққаны немесе табиғи жолмен пайда болғаны, жасы, салмағы, жынысы туралы ақпараттарды білуге мүмкіндік бар. Сол арқылы әр елдің, зауыттың бе­кіре тұқымдас балықтарды қал­пына келтіру үдерісіне қосқан үлесі де белгілі болады, – дейді атал­ған серіктестіктің Атыраудағы филиа­лының басшысы Ерболат Қадимов. – Шабақтардың өміршеңдігі туралы нақты ақпараттың болмауы бекіре зауыттары бар Каспий маңы мемлекеттері үшін ортақ проблема.

Атыраудағы екі бекіре өсіру зауыт­ы 20 жылда бекіре, шоқыр, қортпа секілді бағалы балықтардың жүз миллионнан астам шабағын теңізге жіберді.


АТЫРАУ